"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 264 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 218 қаулысы

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 264 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      18 тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы жирыма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "Солтүстік Қазақстан облысы аумағында байланыс саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;

      байланыс және интернет мәселелері бойынша уәкілетті органмен және байланыс операторларымен өзара іс-қимыл жасайды;

      жетекшілік ететін салалары бойынша ерекше көзге түскен қызметкерлерді көтермелейді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік және ведомстволық наградалармен, жергілікті атқарушы органның үздік белгілерімен марапаттауға, құрметті атақтар беруге кандидатураларды ұсынады".

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарына енгізілген толықтырулар туралы хабарласын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғ. Нұрмұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады