"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 264 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 1-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 6) және 7) тармақшаларына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) құрылсын.

      2. Басқармаға "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен ақпараттандыру, цифрландыру және мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі саласындағы функция, өкілеттік және штат бірлігі берілсін.

      3. Қоса беріліп отырған Басқарма туралы ереже бекітілсін.

      4. Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Басқарманы әділет органдарында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған тәртіпте және мерзімде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов

  Солтүстік Қазақстан
  облысы әкімдігінің
  2021 жылғы "23" қарашадағы
  № 264 қаулысына
  қосымша

"Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы ЕРЕЖЕ

Жалпы ережелер

      1. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік органдарын ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

      2. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің ведомствоға бағынысты ұйымдары жоқ.

      3. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi коммуналдық мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрi мен атауы мемлекеттiк және орыс тілінде жазылған мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

      8. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.

      9. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң орналасқан жерi: 150011, Қазақстан Республикасы Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласы _________.

      10. Мемлекеттiк органның толық атауы — "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi:

      мемлекеттiк тiлде: "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      орыс тiлiнде: коммунальное государственное учреждение "Управление цифровых технологий акимата Северо-Казахстанской области".

      11. Осы Ереже "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң функциясы болып табылатын мiндеттi орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiмен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттiк бюджет кiрiсiне жiберiледi.

      14. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнде жұмыс режимi ішкі күн тәртібіне сәйкес айқындалады.

      15. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен құрылтайшы арасындағы өзара қарым-қатынас қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады және реттеледі.

      16. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

2. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мiндеттерi мен өкілеттіктері

      17. Мiндеттерi:

      1) заманауи ақпараттық коммуникациялық технологияны дамытуға және экономиканың басты салалары мен тыныс-тіршілік салаларына енгізуге жағдай жасауды қамтамасыз ету;

      2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру жұмысын үйлестіру;

      3) ақпараттық коммуникациялық технология саласында бірыңғай талаптарды, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидасын қамтамасыз ету;

      4) Солтүстік Қазақстан облысының аумағында цифрландыруды дамыту, сондай-ақ "ақылды" қала тұжырымдамасын іске асыруға қатысу;

      5) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуін қамтамасыз ету;

      6) мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жолымен оларды көрсету процесін жетілдіру және оңтайландыру жөніндегі ұсынысты әзірлеу.

      18. Өкілеттіктері:

      1) құқығы:

      орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінен, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінен және өзге де ұйымдардан осы Ережеде айқындалған функцияларды орындауға қажетті мәлімет пен материалды белгілденген тәртіпте сұратуға және алуға;

      кәсіпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технология басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияны орындауға қажетті мәліметті, анықтаманы, құжатты сұратуға және алуға;

      ақпараттық жүйені әзірлеуге, жаңғыртуға және пайдалануға, тауар сатып алуға және ақпараттық технологияны әзірлеумен, енгізумен және пайдаланумен, әкімдіктің және оның ведомствоға бағынысты ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінің ақпараттық жүйесін құрумен және пайдаланумен байланысты мәселе бойынша қызмет көрсетуге арналған конкурс құжаттамасының техникалық спецификациясына, соның ішінде ұсыныс енгізуге келісім беруді жүзеге асыру;

      наразылық білдіру, талап арыз беру, сотта өз құзыреті шегінде талап қоюшы және жауап беруші ретінде әрекет ету;

      жедел басқарудағы мүлікке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес иелік етуді, пайдалануды және билік етуді жүзеге асыру;

      жергілікті атқарушы биліктің басқа да мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

      2) мiндеттерi:

      орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімдерінің, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері мен өзге де ұйымдардың басшылары мен мамандарын тартып, "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселе жөніндегі кеңестерді белгіленген тәртіпте өткізу;

      әкімдікке өз құзыреті шегінде реттелетін қатынас мәселелері, өңірдің даму мақсаты мен басымдығын айқындау жөнінде және әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің оны орындауын бақылауды жүзеге асыру туралы, сондай-ақ облыстың атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізу;

      тауарды, жұмысты және қызметті мемлекеттік сатып алу конкурсын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ұйымдастырып, өткізу;

      мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ отандық және шетелдік сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тарта отырып, "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселе жөніндегі жұмыс топтары мен комиссияларды құру;

      3) функциялары:

      жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік көрсетілетін қызмет және ақпараттық коммуникациялық технология саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің заңнамалық актілерін, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін іске асыруға практикалық көмек көрсету;

      Мемлекеттік органдардың интранет-порталы, Е-лицензиялау, Электрондық үкіметтің өңірлік шлюзі республикалық ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастыру;

      облыс әкімдігінің "Ақпараттық технологияны қолдану" бағытындағы қызметінің тиімділігін бағалау материалын дайындау;

      мемлекеттік органдардың функцияларын ілгеріде автоматтандыру мәніне талдау;

      жергілікті атқарушы органдарды Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына қосуды қамтамасыз ету;

      электронды құжат айналымы жүйесін дамытуға қатысу;

      жергілікті атқарушы органның типтік архитектурасына сәйкес мемлекеттік органдар инфрақұрылымының құрылуын бақылау;

      Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік ақпараттық жүйені пайдалануының тиімділігіне мониторинг жасау;

      жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қызметін үйлестіру;

      уәкілетті органға мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын ішкі бақылау нәтижесі жөніндегі ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіп пен мерзімде беруді қамтамасыз ету;

      мемлекеттік қызметті көрсету сапасын ішкі бақылау және мониторинг жасау (бақылау іс-шаралары, талдау, есеп);

      сыртқы және ішкі сарапшыларды тартып, мемлекеттік органдар үшін заманауи цифрлық технологияны қолдану жөніндегі тренинг, семинар және таныстыруды ұйымдастыруға қатысу;

      ақпараттандырудың жаңа үлгісін қалыптастыру және дамыту жұмысына қатысу;

      Цифрландыру офисінің кеңесін ұйымдастырып, өткізу;

      орталық мемлекеттік органдармен цифрландыру мәселесі бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      облыс әкімдігінің салалық басқармаларының, Солтүстік Қазақстан облысы аудандары мен қала әкімдіктерінің, басқа да мүдделі ұйымдардың тиісті саланы цифрландыру мәселесі бойынша өзара іс-қимылын үйлестіру;

      цифрлық жобалардың қажеттілігін талдау;

      "Цифрландыру, ғылым және инновация есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасын өз бағыты бойынша іске асыруды бақылау;

      цифрлық жобаларды енгізіп, дамыту, соның ішінде "Ақылды қалалар" эталондық стандартының аясында дамыту;

      өз құзыреті шегінде тұжырымдаманы, конкурс құжаттамасын және техникалық тапсырманы келісуге қатысу;

      сервистік бағдарламалық өнімді жобалауға арналған тапсырманы қарастыру және келісу;

      облыстың цифрлық экожүйесін Қазақстанның экожүйесіне енгізе отырып, дамыту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

      "электрондық үкіметті" дамыту және электрондық мемлекеттік қызметті көрсету мәселесі жөніндегі Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің заңнамалық актілерінің, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің орындалу жұмысын ұйымдастыру;

      "электрондық үкімет" бастамаларын, цифрландыру саласындағы жобаларды танымал етудің PR-стратегиясын іске асыру;

      ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру және автоматтандыру шарасын қабылдауды қамтамасыз ету;

      ашық дерек интернет-порталына Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органдарының ашық дерегін орналастыру мәселесі бойынша жұмысты үйлестіру;

      Солтүстік Қазақстан облысы аумағында байланыс саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;

      байланыс және интернет мәселелері бойынша уәкілетті органмен және байланыс операторларымен өзара іс-қимыл жасайды;

      жетекшілік ететін салалары бойынша ерекше көзге түскен қызметкерлерді көтермелейді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік және ведомстволық наградалармен, жергілікті атқарушы органның үздік белгілерімен марапаттауға, құрметті атақтар беруге кандидатураларды ұсынады

      көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметті көрсету мәселесі жөніндегі өтініштерін қарау.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгерістер енгізілді – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 23.11.2023 № 218 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      19. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн басқаруды бiрiншi басшы жүзеге асырады, ол "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттің орындалуына және оның өз функциясын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      20. Бiрiншi басшыны Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      21. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi бiрiншi басшысының өкiлеттiктерi:

      1) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      2) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану мәселесін шешеді;

      3) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарына қол қояды, сондай-ақ "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауға міндетті нұсқау береді;

      4) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда өкілдік етеді;

      5) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына дербес жауапты болады.

      Басшы жұмысты ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, ерлер мен әйелдердің тең құқығының және тең мүмкіндігінің мемлекеттік кепілдігі туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді, жүктелген міндеттің орындалуы мен оның өз функциясын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      22. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

      "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      23. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгесi белгiленбесе, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне берiлген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз еркiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады