Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының ауылдық округтерінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл және көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын анықтау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 8-2 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының ауылдық округтерінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасы бекітілсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының ауылдық округтерінде жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл және көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес анықталсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының төрағасы ________ Е. Жәкенов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Аққайың ауданы мәслихатының
  2023 жылғы 22 қыркүйектегі
  № 8-2 шешімімен
  бекітілді

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының ауылдық округтерінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және ауылдық округі тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – ауылдық округі тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

      2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Ауылдық округтің әкімі ауыл, көше шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын ауылдық округтің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауданның мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.

      10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

      Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін тиісті ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

      Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

      1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

      2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

      3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

      4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Аққайың ауданы мәслихатының
  2023 жылғы 22 қыркүйектегі
  № 8-2 шешіміне
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының ауылдық округтерінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысатын ауыл және көше тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы


р/с

Ауылдардың, көшелердің атаулары

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы ауылдық округтерінде ауыл және көше тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Аралағаш ауылдық округі

1

Аралағаш ауылы

3

2

Амангелді ауылы

2

3

Рублевка ауылы

3

Астраханка ауылдық округі

4

Астраханка ауылы

3

5

Қаратомар ауылы

3

Власовка ауылдық округі

6

Власовка ауылы

3

7

Безлесное ауылы

1

8

Сенное ауылы

1

Григорьевка ауылдық округі

9

Григорьевка ауылы

1

10

Кенжеғалы ауылы

2

11

Көктерек ауылы

2

12

Трудовое ауылы

3

Ивановка ауылдық округі

13

Ивановка ауылы

3

14

Үлгі ауылы

1

Қиялы ауылдық округі

15

Барыкуль ауылы

3

16

Кучковка ауылы

3

17

Қиялы ауылы

3

Лесной ауылдық округі

18

Дайындық ауылы

3

19

Ленинское ауылы

3

Полтавка ауылдық округі

20

Борки ауылы

1

21

Лесные Поляны ауылы

1

22

Полтавка ауылы

3

Смирново ауылдық округі

23

Абай көшесі

3

24

Амангелді көшесі

3

25

Гагарин көшесі

3

26

Горький көшесі

3

27

Дорожный көшесі

3

28

Карбышев көшесі

1

29

Алексей Щербаков көшесі

3

30

Линейный көшесі

3

31

Лермонтов көшесі

3

32

Мир көшесі

3

33

Молодежная көшесі

3

34

Жамбыл көшесі

3

35

9 Мамыр көшесі

3

36

25 лет Целины көшесі

3

37

Жұмабаев көшесі

3

38

Желтоқсан көшесі

3

39

Заводской көшесі

2

40

Имаков көшесі

3

41

Мәншүк Мәметова көшесі

2

42

Народный көшесі

3

43

Жұмабек Тәшенов көшесі

3

44

Олег Кошевой көшесі

2

45

Клочков көшесі

2

46

Кардон көшесі

2

47

Абылай хан көшесі

1

48

Партизанский көшесі

2

49

Пушкин көшесі

3

50

Папанин көшесі

3

51

Әлия Молдағұлова көшесі

2

52

Панфилов көшесі

3

53

П. Филиппенко көшесі

2

54

Первомайский көшесі

2

55

Рабочий көшесі

2

56

Северный көшесі

3

57

Суворов көшесі

3

58

Сырғабеков көшесі

2

59

Сейфуллин көшесі

2

60

Сәбит Мұқанов көшесі

2

61

Надежда Крупская көшесі

2

62

Қайсар Таштитов көшесі

1

63

Савицкая көшесі

1

64

Геннадий Зенченко көшесі

3

65

Титов көшесі

3

66

Ташитова көшесі

1

67

Школьная көшесі

3

68

Элеваторная көшесі

2

69

Южный көшесі

2

70

Терешкова көшесі

1

71

Чкалов көшесі

1

72

Ғабит Мүсрепов көшесі

1

73

Учхоз көшесі

1

74

Островский көшесі

1

75

Гастелло көшесі

1

76

Жаңа тұрмыс көшесі

1

77

Шаховский көшесі

1

78

Қауданды көшесі

1

79

Бозарал көшесі

1

80

Жаңажол көшесі

1

81

Больничный городок тұйық көше

1

Тоқшын ауылдық округі

82

Камышлово ауылы

2

83

Тоқшын ауылы

3

84

Тюменка ауылы

2

Черкасское ауылдық округі

85

Черкасское ауылы

3

86

Добровольское ауылы

3

87

Новороссийское ауылы

1

Шағалалы ауылдық округі

88

Степное ауылы

2

89

Шағалалы ауылы

3

90

Южное ауылы

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады