Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 23.01.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Ақжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 09 қазандағы № 116 ұсынысы негізінде Талшық ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ :
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылдық округі Тұғұржап ауылында орналасқан "Хиуа" шаруа қожалығының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Е. Қайыржанов |