Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Ақжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2024 жылғы 22 қаңтардағы № 3 ұсынысы негізінде, Талшық ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылдық округі Тұғыржап ауылында орналасқан "Хиуа" шаруа қожалығының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2023 жылғы 10 қазандағы № 33 шешімінің (2023 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Е. Қайыржанов |