Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ленинград ауылдық округінің Ленинград ауылындағы кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ленинград ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 26 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Ленинград ауылы халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 26 тамыздағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Ленинград ауылдық округінің Ленинград ауылындағы көшелері қайта аталсын:

      Пионерский көшесін Әлихан Бөкейхан көшесіне;

      Юбилейный көшесін Ғабит Мүсірепов көшесіне;

      Лихачева көшесін Жамбыл көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі А. Маймаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады