Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 24-4 "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аумағында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы" шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихатының 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 7/7 шешімі. Күші жойылды - Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 8-12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 26.09.2023 № 8-12 (қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аумағында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы" 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 24-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31578 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының төрағасы С. Баумағанбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады