Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Новоишим ауылдық округі Новоишим ауылында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудандар мен көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 9-3 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі Новоишим ауылында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі Новоишим ауылында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін шағын аудандар мен көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының төрағасы
С. Баумағанбетов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы
  ауданы мәслихатының
  2023 жылғы 13 қазандағы
  № 9-3 шешімімен бекітілді

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі Новоишим ауылында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі Новоишим ауылында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және Новоишим ауылдық округі Новоишим ауылында шағын аудандар мен көшелер тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бөлек жергілікті қоғамдастықтың жиыны – ауылдық округ тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

      2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік - аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

      2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (шағын аудандар, көшелер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Ауылдық округ әкімі ауылдық округ шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын ауылдық округтің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті шағын ауданның, көшенің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудандар мен көшелер тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.

      10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

      Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

      Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

      1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

      2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

      3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

      4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы
  аудан мәслихатының
  2023 жылғы 13 қазандағы
  № 9-3 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округінің Новоишим ауылында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін шағын аудандар мен көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Шағын аудандар мен көшелер атауы

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоишим ауылдық округі Новоишим ауылында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін шағын аудандар мен көшелер тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Новоишим ауылы Абылай хан көшесінің тұрғындары үшін

3

2

Новоишим ауылы Набережная көшесінің тұрғындары үшін

1

3

Новоишим ауылы Ишимская көшесінің тұрғындары үшін

3

4

Новоишим ауылы Луначарский көшесінің тұрғындары үшін

3

5

Новоишим ауылы Зерновая көшесінің тұрғындары үшін

3

6

Новоишим ауылы Әуелбеков көшесінің тұрғындары үшін

3

7

Новоишим ауылы Интернациональная көшесінің тұрғындары үшін

3

8

Новоишим ауылы Терешкова көшесінің тұрғындары үшін

1

9

Новоишим ауылы Комсомольская көшесінің тұрғындары үшін

3

10

Новоишим ауылы Жаңа ауыл көшесінің тұрғындары үшін

2

11

Новоишим ауылы Жаңа ауыл шағын ауданы тұрғындары үшін

1

12

Новоишим ауылы Балбану Мұстафина көшесінің тұрғындары үшін

3

13

Новоишим ауылы Солнечный шағын ауданы тұрғындары үшін

3

14

Новоишим ауылы Абай Құнанбаев көшесінің тұрғындары үшін

2

15

Новоишим ауылы Уәлиханов көшесінің тұрғындары үшін

3

16

Новоишим ауылы Прудовая көшесінің тұрғындары үшін

2

17

Новоишим ауылы Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары үшін

2

18

Новоишим ауылы Ғабит Мусірепов көшесінің тұрғындары үшін

2

19

Новоишим ауылы Элеватор көшесінің тұрғындары үшін

2

20

Новоишим ауылы Есен Жантасов көшесінің тұрғындары үшін

1

21

Новоишим ауылы Айқын Нұркатов көшесінің тұрғындары үшін

2

22

Новоишим ауылы Мира көшесінің тұрғындары үшін

3

23

Новоишим ауылы Степная көшесінің тұрғындары үшін

2

24

Новоишим ауылы Больничная көшесінің тұрғындары үшін

2

25

Новоишим ауылы Больничный шағын ауданы тұрғындары үшін

1

26

Новоишим ауылы Строительная көшесінің тұрғындары үшін

2

27

Новоишим ауылы Советская көшесінің тұрғындары үшін

3

28

Новоишим ауылы Мағжан Жұмабаев шағын ауданы тұрғындары үшін

3

29

Новоишим ауылы Школьная көшесінің тұрғындары үшін

3

30

Новоишим ауылы Ленин көшесінің тұрғындары үшін

3

31

Новоишим ауылы Ақан Сері көшесінің тұрғындары үшін

2

32

Новоишим ауылы Сейфуллин көшесінің тұрғындары үшін

2

33

Новоишим ауылы Гаражная көшесінің тұрғындары үшін

2

34

Новоишим ауылы Октябрьская көшесінің тұрғындары үшін

2

35

Новоишим ауылы Локомотивная көшесінің тұрғындары үшін

3

36

Новоишим ауылы Ворошилов көшесінің тұрғындары үшін

2

37

Новоишим ауылы Станционная көшесінің тұрғындары үшін

3

38

Новоишим ауылы А. Молдағұлова көшесінің тұрғындары үшін

1

39

Новоишим ауылы М. Мәметова көшесінің тұрғындары үшін

3

40

Новоишим ауылы Юбилейная көшесінің тұрғындары үшін

2

41

Новоишим ауылы Энгельс көшесінің тұрғындары үшін

3

42

Новоишим ауылы К. Маркса көшесінің тұрғындары үшін

3

43

Новоишим ауылы Трудовая көшесінің тұрғындары үшін

1

44

Новоишим ауылы Пионерская көшесінің тұрғындары үшін

2

45

Новоишим ауылы ДЭУ көшесінің тұрғындары үшін

1

46

Новоишим ауылы Заслонов көшесінің тұрғындары үшін

2

47

Новоишим ауылы Островский көшесінің тұрғындары үшін

2

48

Новоишим ауылы Гагарин көшесінің тұрғындары үшін

2

49

Новоишим ауылы Путейская көшесінің тұрғындары үшін

1

50

Новоишим ауылы Маслозаводская көшесінің тұрғындары үшін

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады