Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер мен ауылдар тұрғындары өкілдерінің cандық құрамын бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихатының 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 8-10 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округі жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін көшелер мен ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының төрағасы С.Баумағанбетов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы
  ауданы мәслихатының
  2023 жылғы 26 қыркүйектегі
  № 8-10 шешімімен бекітілді

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және Нежинка ауылдық округі тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – ауылдық округ тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

      2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік - аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Ауылдық округтің әкімі ауылдық округ шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын ауылдық округтің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер мен ауылдар тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.

      10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

      Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

      Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

      1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

      2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

      3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

      4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы
  ауданы мәслихатының
  2023 жылғы 26 қыркүйектегі
  № 8-10 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округі жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін көшелер мен ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Ауылдар мен көшелер атауы

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округі жергілікті қоғамдастық-тың жиынына қатысу үшін көшелер мен ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Нежинка ауылы, Центральная көшесінің тұрғындарына

3

2

Нежинка ауылы, Набережная көшесінің тұрғындарына

3

3

Нежинка ауылы, Целинная көшесінің тұрғындарына

2

4

Нежинка ауылы, Абая көшесінің тұрғындарына

1

5

Нежинка ауылы, Рақымжан Қошқарбаев Центральная көшесінің тұрғындарына

1

6

Нежинка ауылы, Молодежная көшесінің тұрғындарына

1

7

Нежинка ауылы, Школьная көшесінің тұрғындарына

1

8

Нежинка ауылы, Новая көшесінің тұрғындарына

1

9

Нежинка ауылы, Приишимская көшесінің тұрғындарына

1

10

Нежинка ауылы, Бауыржан Момышұлы көшесінің тұрғындарына

2

11

Нежинка ауылы, Садовая көшесінің тұрғындарына

1

12

Нежинка ауылы, Нежинская көшесінің тұрғындарына

1

13

Нежинка ауылы, Мира көшесінің тұрғындарына

2

14

Нежинка ауылы, Гаражная көшесінің тұрғындарына

1

15

Буденное ауылы, Полевая көшесінің тұрғындарына

2

16

Буденное ауылы, Луговая көшесінің тұрғындарына

1

17

Буденное ауылы, Центральная көшесінің тұрғындарына

2

18

Буденное ауылы, Зеленая көшесінің тұрғындарына

1

19

Буденное ауылы, Степная көшесінің тұрғындарына

2

20

Буденное ауылы, Жамбыл Жабаев көшесінің тұрғындарына

1

21

Буденное ауылы, Дінмұхамед Қонаев көшесінің тұрғындарына

3

22

Буденное ауылы, Садовая көшесінің тұрғындарына

1

23

Буденное ауылы, Школьная көшесінің тұрғындарына

1

24

Буденное ауылы, Достық көшесінің тұрғындарына

2

25

Буденное ауылы, Целинная көшесінің тұрғындарына

1

26

Тоқсан би ауылы, Набережная көшесінің тұрғындарына

2

27

Тоқсан би ауылы, Есен Жантасов көшесінің тұрғындарына

1

28

Тоқсан би ауылы, Дінмұхамед Қонаев көшесінің тұрғындарына

2

29

Тоқсан би ауылы, Мира көшесінің тұрғындарына

1

30

Тоқсан би ауылы, Новая көшесінің тұрғындарына

1

31

Тоқсан би ауылы, Степная көшесінің тұрғындарына

1

32

Тоқсан би ауылы, Молодежная көшесінің тұрғындарына

1

33

Тоқсан би ауылы, Гагарина көшесінің тұрғындарына

3

34

Тоқсан би ауылы, Интернациональная көшесінің тұрғындарына

2

35

Тоқсан би ауылы, Конституция көшесінің тұрғындарына

3

36

Тоқсан би ауылы, Первомайская көшесінің тұрғындарына

1

37

Тоқсан би ауылы, Юбилейная көшесінің тұрғындарына

1

38

Ефимовка ауылы, Набережная көшесінің тұрғындарына

3

39

Ефимовка ауылы, Степная көшесінің тұрғындарына

1

40

Ефимовка ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесінің тұрғындарына

3

41

Ефимовка ауылы, Абая көшесінің тұрғындарына

2

42

Ефимовка ауылы, Есіл көшесінің тұрғындарына

1

43

Ефимовка ауылы, Кооперативная көшесінің тұрғындарына

1

44

Ефимовка ауылы, Зеленая көшесінің тұрғындарына

1

45

Куприяновка ауылының тұрғындарына

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады