ШЕШТІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округі көшелеріне атаулар беру және қайта атау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 11 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7471-15 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка ауылдық округінің көшелерін қайта атау туралы";
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 16 сәуірдегі және 2022 жылғы 1 наурыздағы қорытындылары негізінде, Ильинка ауылдық округінің Ильинка, Александровка ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШТІ:";
көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Ильинка ауылдық округінің Ильинка ауылында қайта аталсын:
Ленин көшесі Абай көшесіне;
Киров көшесі А. С. Пушкин көшесіне.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Ж.Майнақов |