Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округі Бірлік, Петровка ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 25-ө шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, сәйкес Бірлік, Петровка ауылы халқының пікірін ескере отырып және Солтүстік Қазақстан облыстық ономастикалық комиссияның 2021 жылғы 16 сәуірдегі, қорытындысының негізінде, Петровка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округі Бірлік, Петровка ауылының құрамдас бөліктерін қайта аталсын:

      Петровка ауылы

      Ленин көшесін – Бейбітшілік көшесіне;

      Юбилейная көшесін – Ыбырай Алтынсарин көшесіне;

      Комсомольская көшесін - Болашақ көшесіне;

      Бірлік ауылы

      Ленин көшесін – Дүйсен Аяғанов көшесіне;

      Молодежная көшесін – Байман Тұрғынов көшесіне;

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Петровка ауылдық округінің әкімі О.Қонқабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады