Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде № 32894 болып тіркелген) сәйкес, Индер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Индер ауданы Индербор кентінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Индер ауданы Индербор кентінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Индербор кенті тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Индер аудандық мәслихат төрағасы |
А. Рамазанов |
Индер аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 65-VIII шешіміне 1 қосымша |
Индер ауданы Индербор кентінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Индер ауданы Индербор кентінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде № 32894 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және Индербор кенті тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны- кент тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;
2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.
2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін кенттің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Индербор кентінің әкімі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.
Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.
6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын Индербор кентінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.
7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті учаскеден қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы учаскеде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Индербор кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Индербор кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін кент тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудандық мәслихат бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.
10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.
Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін тиісті Индербор кенті әкімінің аппаратына береді.
Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:
1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;
2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;
4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Индер аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 65-VIII шешіміне 2 қосымша |
Индер ауданы Индербор кентінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Индербор кенті тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ | Көшелердің атауы | Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам) |
1. | Д.Қонаев, І.Көпбаев, Шыршалы, Қ.Нұржанов, Нарын, Қ.Қазиев, Қ.Сәтпаев, Б.Майдыров көшелері | 1 |
2. | Н.Меңдіғалиев, С.Құбашев, Қ.Төленбаев, Талды, Бейбарыс, Шиелі, Ш.Уәлиханов, Бейбітшілік, Б.Нысанбаев көшелері | 1 |
3. | Шәкәрім, М.Мөңкеұлы, Тайсойған, Қ.Қаражанов, Б.Бөзекенов, Жиделі, Қазақстан, Махамбет көшелері | 1 |
4. | Х.Нұрманов, А.Досалиев, Н.Оңдасынов, Ж.Кенжетаев, И.Тайманұлы, Қ.Дәулетов, Д.Нұрпейісова, О.Нығыметдинов, М.Қалымов, С.Меңдешев, Ақжайық, Қ.Сағырбаев, Алғашық, Алғабас, Атырау, Сарайшық көшелері | 2 |
5. | Достық, Береке, Көктем, Бірлік, С.Габдуллин көшелері | 1 |
6. | Д.Сұлтанғалиев, Б.Қабиев, Т.Мұсабаев, Б.Момышұлы, Ш.Иманғазиев, Т.Әубәкіров, Асанқайғы, Ж.Жабаев, Г.Шамин, А.Құнанбаев, М.Горький, А.Иманов, С.Нұрқасынов, Қ.Бектұрғанов, Қ.Тұқпатов көшелері | 2 |
7. | Ә.Молдағұлова, М.Маметова, Қорғантау, Х.Доспанова көшелері | 1 |
8. | Ақтау, С.Сейфуллин, З.Қабдешев, М.Жұмабаев көшелері | 1 |
9. | М.Қарасаев, Шалқыма, Шапағат, Жерұйық, Жайық, Арна, Т.Ізтаев, Ойыл, Тұмарлы көшелері | 1 |
10. | Керей хан, Жәнібек хан, Ә.Бөкейхан, Ә.Марғұлан, Шахтер, С.Тұңғатаров көшелері | 1 |
11. | Әбілқайыр хан, Б.Майлин, М.Дулатов, Қасым хан, Хақназар хан, Ф.Оңғарсынова, Р.Қошқарбаев, Б.Әйтімов, Жиембет жырау, Ақкент, Есім хан көшелері | 2 |
12. | Қ.Байбосынов, Бөгенбай батыр, Жәңгір хан, Тәуке хан, Х.Досмұхамедұлы, Астана, Қабанбай батыр, Ғ.Мүсірепов, Ә.Қашаубаев, Малайсары би, Ақдала, Баянды, Ақтүбек, Арай көшелері | 1 |
Барлығы: | 15 |