"Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Атырау облысы Мақат ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауын "Мақат аудандық жұмыспен қамтужәне әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Атырау облысы Мақат ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі етіп қайта атау туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 125 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-XIII "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі" Кодексінің 42-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына және Мақат ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 04 тамыздағы № 115 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Атырау облысы Мақат ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Атырау облысы Мақат ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) етіп қайта аталсын.

      2. Мекеменің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      3. Осы қаулыдан туындайтын іс-шараларды жүзеге асыру "Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Г. Утешоваға тапсырылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Ермағамбетовке жүктелсін.

      Аудан әкімі Р. Ибрагимов

  Аудан әкімдігінің
2023 жылғы "17" тамыздағы
№ 125 қаулысымен бекітілген

"Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Атырау облысы Мақат ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Атырау облысы Мақат ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында, құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.

      3. Орталық 2017 жылғы 01 қарашадағы № 199 Атырау облысы, Мақат ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылды.

      4. Орталықтың құрылтайшысы "Мақат ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Құрылтайшы) болып табылады.

      5. Тиісті саланың органы,сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субьектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган "Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқару органы) болып табылады.

      6. Орталықтың толық атауы: "Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Атырау облысы Мақат ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      7. Орталықтың тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Мақат ауданы білім бөлімінің "Қарлығаш" бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимараты, индекс 060603.

2. Орталықтың заңдық мәртебесі

      8. Орталықтың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекетік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.

      9. Орталық басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.

      10. Орталық өзінің міндеттемелері бойынша өзінің кепілділігіндегі ақшамен жауап береді. Орталықта ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.

      11. Орталықтың азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.

3. Орталықтың қызметінің мәні мен мақсаттары

      12. Орталық қызметінің мәні мүмкіндігі шектеулі балалардың және жалғызгілікті/ жалғыз тұратын/ зейнеткерлер мен мүгедекетерді, өмірлік қиын жағдайда жүрген тұлғаларды (отбасыларды) денсаулық сақтау және білім беру органдарымен бірлесе анықтап, олардың есебін жүргізу және арнаулы қызметтер көрсету болып табылады.

      13. Орталық қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген стандарттағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді іске асыру болып табылады.

      14. Орталық мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

      1) психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға, психоневрологиялық ауруы бар ересек мүгедектерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға үйден арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету;

      2) жартылай стационарлық жағдайда психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

      3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау;

      15. Орталыққа осы ережеде бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарға сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

      16. Орталық қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле басқару органының не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

4. Орталықты басқару

      17. Орталықты жалпы басқаруды Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Басқару органы жүзеге асырады.

      18. Басқару органы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) орталыққа мүлікті бекітіп береді;

      2) орталықтың жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      3) орталықтың мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      4) орталықтың ережесін бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

      5) орталықтың басқару органдарының құрылымын, құрылу тәртібі мен өкілеттік мерзімін, орталықтың шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;

      6) орталық басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;

      7) мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Орталықтың құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

      8) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;

      9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, орталыққа берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;

      10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша коммуналдық мемлекеттік мемекемде қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

      11) Осы Ереженің және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      19. Орталықтың басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқару органымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      20. Орталық басшысы Орталықтың жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, басқару органына тікелей бағынады (Қазақстан Респубдликасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және Орталыққа жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.

      21. Орталықтың басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және Орталықтың қызметінің барлық мәселерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы ережеде айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

      22. Орталық басшысының Орталықпен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.

      23. Орталықтың қызметін жүзеге асыруы барысында Орталықтың басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Орталық атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда Орталықтың мүддесін білдіреді;

      3) шарттар жасайды;

      4) сенімхаттар береді;

      5) Орталықтың іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      6) банк шоттарын ашады;

      7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      8) Орталық қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      9) Орталықтың қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;

      10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және Орталықтың өзге де басшы қызметкерлерінің мінедттері мен өкілетттік аясын айқындайды;

      11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы ережемен және басқару органымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

5. Орталықтың мүлкінің құрылу тәртібі

      24. Орталық мүлкін бағасы оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Орталықтың мүлкі мыналардың:

      1) оған меншік иесі берген мүлік;

      2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.

      25. Орталықтың дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета құралдары бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

      26. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен Орталыққа кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда білім беру, сорт сынағы, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.

      27. Орталық бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.

      28. Орталықтың қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен басқару органы жүзеге асырады.

6. Орталықтағы жұмыс тәртібі

      29. Орталықтың жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

      Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 8:00ден 18:00-ге дейін;

      Үзіліс сағат 12:30 дан 14:00-ге дейін;

      Демалыс күндері: сенбі және жексенбі.

7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізудің тәртібі

      30. Орталықтың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу басқару органының ұсынуы бойынша құрылтайшының шешімі бойынша жүзеге асырылады және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес аймақты тіркеу органдарында тіркеледі.

8. Орталықты қайта құру және тарату шарттары

      31. Орталықты қайта құру және тарату аудан әкімінің келісімімен басқару органымен жүргізіледі.

      32. Орталық заңнамалық актілермен басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.

      33. Орталықты қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

      34. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік мекеменің мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органның аппараты қайта бөледі.

      35. Таратылған мемлекеттік мекеменің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады