"KMG PetroChem" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қарашадағы № 158 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына сәйкес, Мақат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "KMG PetroChem" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Мақат ауданының босалқы жер қорынан бірыңғай дәлізде магистральдық құбырларды (этан, пропан) салу және пайдалану үшін жалпы ауданы 690,0 гектар жер учаскелеріне жер пайдаланушылардан және меншік иелерінен жер учаскелерін алып қоймастан 2032 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалысын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р. Ибрагимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады