Түркістан облысы Сарыағаш және Мақтаарал аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 қыркүйектегі № 201 бірлескен қаулысы және Түркістан облысы мәслихатының 2023 жылғы 11 қыркүйектегі № 5/74-VIII шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 4) тармақшасына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 3 мамырдағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мыналар:

      1) Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округіндегі Чичерино ауылы Сіргелі ауылы;

      2) Мақтаарал ауданы, Мақтаарал ауылдық округіндегі Қаз ССР-нің 40 жылдығы ауылы Әл-Фараби ауылы болып қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігі қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Д. Сатыбалды
      Облыстық мәслихат төрағасы Н. Әбішов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады