Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 4 қарашадағы № 253 "Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың Қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 30 наурыздағы № 49 қаулысы. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 4 шілдедегі № 137 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 04.07.2024 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың Қағидаларын бекіту туралы" Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 4 қарашадағы № 253 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5240 болып тiркелген) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың Қағидаларында:

      2-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (бұдан әрі – ауылшартауарынөндіруші) – ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;";

      2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) сатып алу интервенциялары – облыс аумағында, бағалар төмендеген кезде, Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмалары шеңберінде мамандандырылған ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуы жөніндегі іс-шаралар;";

      2-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8-1) тіркелген баға – өндіруге, сақтауға, табиғи кемуге (кебуге), межелі орынға дейін жеткізуге кеткен шығындарды, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнының 10 (он) пайызынан аспайтын маржалық табысты ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасы;

      8-2) форвард – сатып алушы (немесе сатушы) болашақта келісілген шарттармен базалық активті сатып алудың (немесе сатудың) белгілі бір мерзімі өткеннен кейін өзіне міндеттеме алатын туынды қаржы құралы;";

      10-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-2. Мамандандырылған ұйымның тұрақтандыру қорын пайдалану кезінде туындаған үстеме, коммуналдық және басқа да шығыстары жыл сайын азық-түлік тауарларының белгіленген және нарықтық бағалары арасындағы айырма есебінен жабылады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Басқарма Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрліктеріне:

      1) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20-күніне дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерінің іске асырылу барысы туралы ақпаратты;

      2) көкөніс өнімдерінің форвардтық шарттары шеңберінде ауылшартауарынөндірушілерді қаржыландыруға бір ай қалғанда алдын ала төлем сомасын, өткізу нүктелерін және (немесе) сауда объектілерін көрсете отырып, жеткізу графигін көрсете отырып, сатып алынатын көкөніс өнімдерінің көлемі туралы ақпаратты;

      3) форвардтық шарттар шеңберінде ауылшартауарынөндірушілерді түпкілікті қаржыландырғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде өткізу нүктелерін және (немесе) сауда объектілерін көрсете отырып, сатып алынған көкөніс өнімдерінің көлемі, жеткізу графиктері туралы ақпаратты береді.";

      мынадай мазмұндағы 12-1, 12-2, 12-3, 12-4, 12-5, 12-6, 12-7 және 12-8 тармақтармен толықтырылсын:

      "12-1. Басқарма бөлетін, оның ішінде бұдан бұрын азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға бөлінген қаражат әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қаржыландыру көзі болып табылады.

      12-2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде көкөніс өнімдерін өндіру үшін ауылшартауарынөндірушілерді қаржыландыру кезінде тіркелген бағаны белгілей отырып, форвард қолданылады.

      Көкөніс өнімдерін өндіру үшін ауылшартауарынөндірушілерді қаржыландыру форвардтық шарттың жалпы сомасының 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде алдын ала төлем және көкөніс өнімін жеткізгеннен кейін түпкілікті есеп айырысу шарттарында жүзеге асырылады.

      12-3. Форвардтық шарттар шеңберінде сатып алынатын көкөніс өнімінің көлемі Комиссия шешіміне сәйкес өңірлік сұраныс негізінде облыс халқының үш айлық қажеттілігінің 50 пайызына дейін қалыптастырылады.

      12-4. Мамандандырылған ұйым ауылшартауарынөндірушілерді форвардтық шарттар шеңберінде:

      2023 жылғы 10 қаңтарға дейін 2023 жылы ерте шығатын көкөніс өнімдерін өндіру және 2023 жылдың көктемгі-жазғы кезеңінде халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін;

      2023 жылғы 1 ақпанға дейін 2023 жылғы күзгі түсімнің көкөніс өнімдерін өндіру және 2024 жылдың қысқы-көктемгі кезеңінде халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін;

      2023 жылғы 1 тамызға дейін 2024 жылы ерте шығатын көкөніс өнімдерін өндіру және 2024 жылдың көктемгі-жазғы кезеңінде халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін;

      2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін 2024 жылғы күзгі түсімнің көкөніс өнімдерін өндіру және 2025 жылдың қысқы-көктемгі кезеңінде халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін қаржыландыруды жүзеге асырады.

      2024 жылдан бастап және одан кейінгі жылдары ауылшартауарынөндірушілерді көкөніс өнімдерін өндіру үшін қаржыландыру мынадай мерзімдерде жүзеге асырылады:

      ағымдағы қаржы жылының 1 тамызына дейін келесі жылдың қысқы-көктемгі кезеңінде халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін;

      ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегіне дейін келесі жылдың көктемгі-жазғы кезеңінде халықты өніммен қамтамасыз ету үшін.

      12-5. Мамандандырылған ұйым көкөніс өнімдерін сатуды бастағанға дейін ауылшартауарынөндірушілерде немесе басқа қоймаларда сақтауды жүзеге асырады. Сақтау шығындарын есептеу жергілікті атқарушы органдардың өңірдегі сақтаудың ұқсас түрлеріндегі сақтаудың орташа құны туралы деректері негізінде жүргізіледі.

      12-6. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде көкөніс өнімдерін жеткізу мамандандырылған ұйым басқармамен бірлесіп маусымаралық кезеңде (қысқы-көктемгі кезең: ақпан, наурыз, сәуір; көктемгі-жазғы кезең: мамыр, маусым, шілде) қалыптастыратын график негізінде не ішкі нарықа реттеушілік әсер ету қажет болған жағдайда басқа кезеңдерде жүзеге асырылады.

      12-7. Мамандандырылған ұйымдар басқармамен бірлесіп форвардтық шарт жасалған сәттен бастап көкөніс өнімдерін өндіру циклінің барлық кезеңдерінде егістікке бара отырып, ауылшартауарынөндірушілердің қызметіне мониторингті жүзеге асырады.

      12-8. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктері шеңберінде сатып алынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 және 19-баптарына сәйкес сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес келуі тиіс.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу тікелей өндірушілерден, оның ішінде форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасасу арқылы жүзеге асырылады. Егер өндіруші өнімді өткізуді тікелей жүзеге асырмаса, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу азық-түлік тауарларын өткізуге маманданған көтерме сауда жеткізушілерінен (дистрибьютерлерден) жүзеге асырылады.";

      20-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:

      "21-1. Мамандандырылған ұйымның сатып алу интервенциялары туралы шешімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін тиімді және уақтылы қолдануды қамтамасыз ету мақсатында қабылданады.";

      28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Басқарма мамандандырылған ұйыммен бірлесіп тауар интервенцияларын жүзеге асыратын сауда объектілерінің орналасқан жері, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары, жергілікті атқарушы органның және мамандандырылған ұйымның ресми сайттары арқылы халықтың назарына жеткізу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізеді.

      29. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру мақсатында Басқарма мамандандырылған ұйымдар арқылы Комиссия айқындайтын азық-түлік тауарларының тізбесіне сәйкес кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз береді. Қарыз беру қарыз шартын жасасу жолымен қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және ақылылық талаптарымен жүзеге асырылады.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Кәсіпкерлік субъектісі мамандандырылған ұйымның қарызын қайтару бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Міндеттемелердің орындалуы кепіл, банктік кепілдендіру, сақтандыру шарты, үшінші тұлғалардың кепілдік/кепілгерлігі түрінде қамтамасыз етіледі. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету заңнамада көзделген жазбаша нысанда ресімделеді.";

      35-тармақ алып тасталсын.

      2."Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасынының Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Д. Сатыбалды
      А.Ш.Жетпісбай
      Е.А.Әлімқұлов
      Е.Кенжеханұлы
      Б.Д.Тәжібаев
      Қ.Ә.Қайыпбек
      А.Б.Тасыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады