Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 04.07.2024 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабының 2-тармағының 17-10) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19123 болып тіркелген) бұйрығының 2-тармағына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың Қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Ө.Шөкеев |
Қ.Қ.Айтмұхаметов | |
Ә.Е.Тұрғымбеков | |
Ж.Е.Аманбаев | |
С.А.Қалқаманов | |
М.И.Мырзалиев | |
Ұ.Қ.Тәжібаев | |
А.А.Абдуллаев | |
А.Б.Тасыбаев |
"Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың Қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы "___" _____________ №____ облыс әкімдігінің қаулысына
Түркістан облысының әкімі | У. Шукеев |
Түркістан облысы әкімдігінің "4" қарашадағы 2019 жылғы № 253 қаулысына қосымша |
Түркістан облысына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидалары (бұдан әрі - Қағида) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 2-тармағы 17-10)-тармақшасына, "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19123 болып тіркелген) сәйкес әзірленген және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың тәртiбiн айқындайды.
2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры – облыс аумағында аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік әсер ету және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған азық-түлiк тауарларының жедел қоры;
2) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту – азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін оларды өткізу немесе жаңа сақталу мерзімімен немесе келесі жылдың жаңа егінінен дәл сондай көлемдегі азық-түлік тауарларын кейін жеткізе отырып, азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін оларды қайтару;
3) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалану – тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту мақсатында азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу;
4) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру – сатып алу интервенциялары, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын орналастыру және сақтау;
5) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары – тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін, олардың есебінен адамның физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандырылатын азық-түлік тауарлары;
5-1) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (бұдан әрі – ауылшартауарынөндіруші) – ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;
6) мамандандырылған ұйым – "Түркістан" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы";
7) сатып алу интервенциялары – облыс аумағында, бағалар төмендеген кезде, Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмалары шеңберінде мамандандырылған ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуы жөніндегі іс-шаралар;
8) тауар интервенциялары – бағалар өскен кезде ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылатын, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларынан ішкі нарықта азық-түлік тауарларын өткізу жөніндегі іс-шаралар;
8-1) тіркелген баға – өндіруге, сақтауға, табиғи кемуге (кебуге), межелі орынға дейін жеткізуге кеткен шығындарды, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнының 10 (он) пайызынан аспайтын маржалық табысты ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасы;
8-2) форвард – сатып алушы (немесе сатушы) болашақта келісілген шарттармен базалық активті сатып алудың (немесе сатудың) белгілі бір мерзімі өткеннен кейін өзіне міндеттеме алатын туынды қаржы құралы;
9) шекті сауда үстемесі – ішкі сауда субъектілерінің түпкілікті тұтынушыларға азық-түлік таурларын өткізу кезінде бағаны айқындау үшін қалыптастырылатын сауда үстемесі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 01.09.2020 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 30.03.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.3. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерінің тиімді және уақтылы қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысы әкімінің өкімімен Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады және оның құрамы бекітіледі.
4. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Комиссияның төрағасы болып табылады, кәсіпкерлік, сауда және ауыл шаруашылығы басқармаларының, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері Комиссия мүшелері болып табылады. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
5. Комиссияның сандық құрамы тақ болуы және кемінде тоғыз адамнан тұруы тиіс. Бұл ретте комиссия мүшелерінің үштен екісі жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болуы тиіс. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге құқығы жоқ.
6. Комиссия отырысы, егер оған оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
7. Комиссияның құзыретіне мыналар жатады:
1) Түркістан облысы аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шешім қабылдау;
2) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын құру және пайдалану тетігін іске асыру мақсатында азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және олар бойынша шекті сауда үстемесін анықтау;
3) осы Қағидаларға сәйкес қарыз беруге кәсіпкерлік субъектісін анықтау;
4) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесін анықтау бойынша мамандандырылған ұйымның ұсыныстарын қарау.
8. "Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Басқарма) Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
9. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін әкімдік әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарт жасасу жолымен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 01.09.2020 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.10. Мамандандырылған ұйым ай сайын айдың 10-на дейін Басқармаға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпаратты Қағидаларға 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес ұсынады.
10-1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейінгі үш жылдық кезеңге Басқарма мамандандырылған ұйыммен тұрақтандыру қорының заттай және ақшалай мәндегі өтпелі активтері туралы міндеттемелері көрсетілген қосымша келісім жасасады.
Тұрақтандыру қоры таратылған жағдайда, мамандандырылған ұйым азық-түлік тауарларын сатып алу үшін пайдаланылған бюджет қаражатының жергілікті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Егер, мамандандырылған ұйымның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын өткізу сатып алу бағасынан төмен баға бойынша жүзеге асырылса, онда соманың қайтарылуы сатып алу және өткізу бағаларының айырмасын шегере отырып жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағида 10-1-тармақпен толықтырылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 01.09.2020 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.10-2. Мамандандырылған ұйымның тұрақтандыру қорын пайдалану кезінде туындаған үстеме, коммуналдық және басқа да шығыстары жыл сайын азық-түлік тауарларының белгіленген және нарықтық бағалары арасындағы айырма есебінен жабылады.
Ескерту. Қағида 10-2-тармақпен толықтырылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 01.09.2020 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 30.03.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.11. Басқарма Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрліктеріне:
1) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20-күніне дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерінің іске асырылу барысы туралы ақпаратты;
2) көкөніс өнімдерінің форвардтық шарттары шеңберінде ауылшартауарынөндірушілерді қаржыландыруға бір ай қалғанда алдын ала төлем сомасын, өткізу нүктелерін және (немесе) сауда объектілерін көрсете отырып, жеткізу графигін көрсете отырып, сатып алынатын көкөніс өнімдерінің көлемі туралы ақпаратты;
3) форвардтық шарттар шеңберінде ауылшартауарынөндірушілерді түпкілікті қаржыландырғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде өткізу нүктелерін және (немесе) сауда объектілерін көрсете отырып, сатып алынған көкөніс өнімдерінің көлемі, жеткізу графиктері туралы ақпаратты береді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 30.03.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-тарау. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру бойынша тетіктерді іске асыру тәртібі
12. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының нарығын тұрақтандыру мақсатында Басқарма әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандырудың:
1) тұрақтандыру қорларының қызметі;
2) кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тетіктерін іске асырады.
12-1. Басқарма бөлетін, оның ішінде бұдан бұрын азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға бөлінген қаражат әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қаржыландыру көзі болып табылады.
Ескерту. Қағида 12-1 -тармақпен толықтырылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 30.03.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12-2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде көкөніс өнімдерін өндіру үшін ауылшартауарынөндірушілерді қаржыландыру кезінде тіркелген бағаны белгілей отырып, форвард қолданылады.
Көкөніс өнімдерін өндіру үшін ауылшартауарынөндірушілерді қаржыландыру форвардтық шарттың жалпы сомасының 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде алдын ала төлем және көкөніс өнімін жеткізгеннен кейін түпкілікті есеп айырысу шарттарында жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағида 12-2 -тармақпен толықтырылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 30.03.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12-3. Форвардтық шарттар шеңберінде сатып алынатын көкөніс өнімінің көлемі Комиссия шешіміне сәйкес өңірлік сұраныс негізінде облыс халқының үш айлық қажеттілігінің 50 пайызына дейін қалыптастырылады.
Ескерту. Қағида 12-3 -тармақпен толықтырылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 30.03.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12-4. Мамандандырылған ұйым ауылшартауарынөндірушілерді форвардтық шарттар шеңберінде:
2023 жылғы 10 қаңтарға дейін 2023 жылы ерте шығатын көкөніс өнімдерін өндіру және 2023 жылдың көктемгі-жазғы кезеңінде халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін;
2023 жылғы 1 ақпанға дейін 2023 жылғы күзгі түсімнің көкөніс өнімдерін өндіру және 2024 жылдың қысқы-көктемгі кезеңінде халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін;
2023 жылғы 1 тамызға дейін 2024 жылы ерте шығатын көкөніс өнімдерін өндіру және 2024 жылдың көктемгі-жазғы кезеңінде халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін;
2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін 2024 жылғы күзгі түсімнің көкөніс өнімдерін өндіру және 2025 жылдың қысқы-көктемгі кезеңінде халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін қаржыландыруды жүзеге асырады.
2024 жылдан бастап және одан кейінгі жылдары ауылшартауарынөндірушілерді көкөніс өнімдерін өндіру үшін қаржыландыру мынадай мерзімдерде жүзеге асырылады:
ағымдағы қаржы жылының 1 тамызына дейін келесі жылдың қысқы-көктемгі кезеңінде халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін;
ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегіне дейін келесі жылдың көктемгі-жазғы кезеңінде халықты өніммен қамтамасыз ету үшін.
Ескерту. Қағида 12-4 -тармақпен толықтырылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 30.03.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12-5. Мамандандырылған ұйым көкөніс өнімдерін сатуды бастағанға дейін ауылшартауарынөндірушілерде немесе басқа қоймаларда сақтауды жүзеге асырады. Сақтау шығындарын есептеу жергілікті атқарушы органдардың өңірдегі сақтаудың ұқсас түрлеріндегі сақтаудың орташа құны туралы деректері негізінде жүргізіледі.
Ескерту. Қағида 12-5 -тармақпен толықтырылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 30.03.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12-6. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде көкөніс өнімдерін жеткізу мамандандырылған ұйым басқармамен бірлесіп маусымаралық кезеңде (қысқы-көктемгі кезең: ақпан, наурыз, сәуір; көктемгі-жазғы кезең: мамыр, маусым, шілде) қалыптастыратын график негізінде не ішкі нарықа реттеушілік әсер ету қажет болған жағдайда басқа кезеңдерде жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағида 12-6 -тармақпен толықтырылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 30.03.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12-7. Мамандандырылған ұйымдар басқармамен бірлесіп форвардтық шарт жасалған сәттен бастап көкөніс өнімдерін өндіру циклінің барлық кезеңдерінде егістікке бара отырып, ауылшартауарынөндірушілердің қызметіне мониторингті жүзеге асырады.
Ескерту. Қағида 12-7 -тармақпен толықтырылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 30.03.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12-8. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктері шеңберінде сатып алынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 және 19-баптарына сәйкес сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Ескерту. Қағида 12-8 -тармақпен толықтырылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 30.03.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3-тарау. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорлары қызметінің тәртібі
13. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларының қызметі өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану жолымен жүзеге асырылады.
14. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі тетікті іске асыру мақсатында Комиссия сұраныс пен ұсыныстың өңірлік балансының (өндіріс көлемі, азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауарларының жылжытылуы, запастардың болуы), егіс алаңдары (жоспарлы), егіннің болжамды шығымы, өткен күнтізбелік жыл ішінде қалыптасқан бағалар туралы мәліметтердің, сондай-ақ өзге де мәліметтер негізінде азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін, сондай-ақ шекті сауда үстемесін айқындайды.
15. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алуға қажетті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген тізімнен қалыптастырылады.
16. Мамандандырылған ұйым өткізетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңы 19-бабының 1-тармағына сәйкес, Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес тиісті Түркістан облысының статистика департаменті қалыптастыратын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының ресми нарықтық мәндерінен 10 немесе одан да көп пайызға төмен бағаларды ұстап тұру ескеріле отырып қалыптастырылады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 01.09.2020 № 175 алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.17. Комиссия Түркістан облысының әкіміне сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және олар бойынша шекті сауда үстемесін бекіту туралы ұсынымдар енгізеді.
18. Түркістан облысы әкімдігінің қаулысымен Комиссияның ұсынымдары негізінде сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесі және шекті сауда үстемесі бекітіледі.
19. Өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу тікелей өндірушілерден, оның ішінде форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасасу арқылы жүзеге асырылады. Егер өндіруші өнімді өткізуді тікелей жүзеге асырмаса, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу азық-түлік тауарларын өткізуге маманданған көтерме сауда жеткізушілерінен (дистрибьютерлерден) жүзеге асырылады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 30.03.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.20. Алып тасталды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 30.03.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
21. Мамандандырылған ұйым статистикалық деректер және басқа да көздер негізінде өңірдің азық-түлік тауарларының ішкі нарығына және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің нарықтарына тұрақты негізде талдау (өндіріс көлемі және азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауарларының жылжытылуы, запастардың, бағалардың болуы) жүргізеді, өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының көлемін айқындайды және сатып алу интервенциялары туралы шешімді қабылдайды.
21-1. Мамандандырылған ұйымның сатып алу интервенциялары туралы шешімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін тиімді және уақтылы қолдануды қамтамасыз ету мақсатында қабылданады.
Ескерту. Қағида 21-1 -тармақпен толықтырылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 30.03.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.22. Өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалануды тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлік тауарларын жаңарту жолымен мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.
23. Мамандандырылған ұйым аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал ету қажет баға деңгейінің көтерілуі жағдайда, 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, тауар интервенцияларын жүргізу туралы шешім қабылдайды.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 01.09.2020 № 175 алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.24. Мамандандырылған ұйым өңірлік тұрақтандыру қорын уақтылы жаңарту мақсатында тұрақты негізде өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларының сақталу мерзімдерін қамтамасыз етеді.
25. Өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу немесе кейін дәл сондай көлемдегі жаңа сақталу мерзімімен немесе келесі жылғы жаңа шығымнан азық-түлік тауарларын жеткізе отырып, азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін азық түлік тауарларын қайтару жолымен жүзеге асырылады.
26. Өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын тауар интервенциялары, азық-түлік тауарларын жаңарту үшін мамандандырылған ұйым өзінің өткізу нүктелері және (немесе) азық-түлік тауарларын өткізетін сауда объектілері арқылы, сондай-ақ өңдеу кәсіпорындары шекті сауда үстемесі шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін өткізуді жүзеге асырады.
27. Бұл ретте өңдеу кәсіпорны өндірген дайын азық-түлік тауарының бағасы Түркістан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасынан аспайды және мамандандырылған ұйымның өңдеу кәсіпорнымен жасасқан өткізу туралы шартында айтылады.
28. Басқарма мамандандырылған ұйыммен бірлесіп тауар интервенцияларын жүзеге асыратын сауда объектілерінің орналасқан жері, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары, жергілікті атқарушы органның және мамандандырылған ұйымның ресми сайттары арқылы халықтың назарына жеткізу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізеді.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 30.03.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4-тарау. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі
29. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру мақсатында Басқарма мамандандырылған ұйымдар арқылы Комиссия айқындайтын азық-түлік тауарларының тізбесіне сәйкес кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз береді. Қарыз беру қарыз шартын жасасу жолымен қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және ақылылық талаптарымен жүзеге асырылады.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 30.03.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.30. Бағаларды тұрақтандыру мамандандырылған ұйымның әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына белгіленген төмендетілген бөлшек/көтерме сауда бағаларын белгілеу жолымен қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 01.09.2020 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.31. Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектілерін Комиссия кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын мынадай талаптарға (өлшемшарттарға) сәйкес айқындайды:
1) кепілдікке қойылатын мүліктің немесе банк кепілдігінің болуы;
2) өтінімді қарау кезінде банкроттық немесе тарату сатысында болмауы;
3) өтінімді қарау кезінде жосықсыз өнім берушілер тізілімінде болмауы.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 01.07.2021 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.32. Комиссия кәсіпкерлік субъектісін айқындағаннан кейін мамандандырылған ұйым кәсіпкерлік субъектісіне қарыз береді.
33. Кәсіпкерлік субъектісі мамандандырылған ұйымның қарызын қайтару бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Міндеттемелердің орындалуы кепіл, банктік кепілдендіру, сақтандыру шарты, үшінші тұлғалардың кепілдік/кепілгерлігі түрінде қамтамасыз етіледі. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету заңнамада көзделген жазбаша нысанда ресімделеді.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 30.03.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.34. Қарыз беру шарттары мамандандырылған ұйым мен кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалған қарыз шартында белгіленеді.
35. Алып тасталды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 30.03.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.36. Қарыз мерзімі өткен берешекті қайта қаржыландыруға берілмейді.
37. Қарыз тек ұлттық валютада беріледі.
Түркіста облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларына 1- қосымша |
|
Нысан |
Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру туралы ақпарат 201__ жылғы "___" _____________ бойынша
№ Р/с | Азық-түлік тауарының атауы | Сатып алынғаны, барлығы | Соның ішінде осы өңірдің тауар өндірушілерінен сатып алынғаны | ||||
көлемі, тонна | бірлік бағасы, кг/теңге | барлығы, мың теңге | көлемі, тонна | бірлік бағасы, кг/теңге | барлығы, мың теңге | ||
Бірінші басшысы М.О. қолы Т.А.Ә.
Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларына 2- қосымша |
|
Нысан |
Өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларының болуы және сақталуы туралы ақпарат 201__ жылғы "___" _____________ бойынша
№ Р/с | Азық-түлік тауарының атауы | 201___ жылғы "__" _________ бойынша запас | Соның ішінде сақтаудағы | |||||
көлемі, тонна | құны, мың теңге | меншікті қоймаларында | басқа меншік иелерінің қоймаларында | |||||
көлемі, тонна | құны, мың теңге | көлемі, тонна | құны, мың теңге | 1 тоннаға қызмет құны, айына мың теңге | ||||
Бірінші басшысы М.О. қолы Т.А.Ә.
Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларына 3- қосымша |
|
Нысан |
Өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын пайдалану туралы ақпарат 201__ жылғы "___" _____________ бойынша
№ Р/с | Азық-түлік тауарының атауы | Өткізу көлемі | |||||||
барлығы | соның ішінде: | ||||||||
тауарлық интервенция жүргізу мақсатында | жаңарту мақсатында | ||||||||
көлемі, тонна | құны, мың теңге | көлемі, тонна | бірлік бағасы, кг/теңге | құны, мың теңге | көлемі, тонна | бірлік бағасы, кг/теңге | құны, мың теңге | ||
Бірінші басшысы М.О. қолы Т.А.Ә.