Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 13 шілдедегі № 127 "Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 213 қаулысы

      Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 13 шілдедегі № 127 "Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:

      15-тармақ: келесідей мазмұндағы 37-1), 38-1), 39-1), 40-1), 41-1), 42-1), 43-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "37-1) өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы іс-шаралар жоспарларын әзірлейді және іске асырады;

      38-1) өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы қызметті ұйымдастырады;

      39-1) елді мекендердің жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерінде орналасқан жасыл екпелерді күтіп-баптауды қамтамасыз етеді;

      40-1) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде түбірімен босатылатын сүрек үшін мөлшерлемелерді қоспағанда, өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін әзірлейді;

      41-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жабайы өсетін өсімдіктерді пайдалану құқығына шектеу (тоқтата тұру) белгілеу туралы шешімдер қабылдайды;

      42-1) жеке және заңды тұлғалардың өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      43-1) жасыл екпелердi жасау, күтiп-баптау және қорғау қағидаларын облыстық мәслихатқа бекітуге ұсыну үшін облыс әкімдігіне материалдарды әзірлеу және дайындау".

      2. "Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Кенжеханұлына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Д. Сатыбалды

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады