ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 14.12.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Респубдикасы Заңының 33-бабының 2- тармағына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 48- бабына және 50 - бабының 2 - тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдай министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 "Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына сәйкес және Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссия отырысының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы 2023 жылғы № 12 хаттамасына сәйкес ШЕШІМ ЕТТІМ:
1. 2023 жылдың 14 желтоқсанынан бастап Түркістан облысы Кентау қаласы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Кентау қаласы әкімінің орынбасары Қ.Искаков тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім 2023 жылдың 14 желтоқсанынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ж.Тасов |