"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 186-бабына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталындағы қатысу үлестері Кентау қаласының коммуналдық меншігінде болатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) көлемі шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза табыс сомасының 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Төлеповке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кентау қаласының әкімі | Ж.Тасов |