Қаулының күшін жою туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 365 қаулысы

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 20 ақпандағы №285 " Түркістан қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" қаулысының күші жойылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б. Оразбековке жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н.Тұрашбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады