Кейбір қаулылардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 14 тамыздағы № 240 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 376 "2023 жылға мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы;

      2) Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 377 "2023 жылға Түркістан облысы Сарыағаш ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" қаулысы.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Абдуллаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады