2023 жылға мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 376 қаулысы. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 14 тамыздағы № 240 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 14.08.2023 № 240 (алғашы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің № 498 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде 2023 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Н. Талипов

  Сарыағаш ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 07 желтоқсандағы
№ 376 қаулысына қосымша

2023 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны (адам)

1

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№60 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

276

4

11

2

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№58 Ә.Марғұлан атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

139

3

4

3

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№10 Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназия интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

152

3

5

4

"Бес жұлдыз" бөбекжай балабақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

62

2

1

5

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№22 Елшібек батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

121

3

4

6

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№16 И.В.Панфилов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

132

3

4

7

"Ақ-тілек" Емдеу-оңалту кешені" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

92

2

2

8

"Арай Комфорт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

129

3

4

9

"Сарыағаш" Емдеу-оңалту кешені" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

351

4

14

10

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№21Яссауи атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

161

3

5

11

"Жаз Әсем" бөбекжай-балабақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

50

2

1

12

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№71 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

86

2

2

13

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№39 Т.Айбергенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

105

3

3

14

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№68 Т.Оспанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

103

3

3

Барлығы

1959

40

63


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады