Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Созақ ауданы Жартытөбе ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 55 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19 бабының 1-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 1 тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Созақ ауданы Жартытөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. "Kcell" акционерлік қоғамына Созақ ауданы, Жартытөбе ауылдық округі, Аққолтық елді мекенінен ұялы байланыс қызметінің құрылысы үшін 0,047 гектар жер учаскесіне, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан уақытша өтеусіз қысқа 10 (он) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жартытөбе ауылдық округінің әкімі Д.Жусіпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады