Шардара ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2023 жылғы 1 қарашадағы № 10-55-VIII шешiмi

      Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Шардара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шардара ауданы бойнша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасының
      өкілеттігін уақытша атқарушы Б.Раймуханов

  Шардара аудандық мәслихатының
2023 жылғы 1 қарашадағы
№ 10-55-VІІІ шешіміне қосымша

Шардара ауданы бойнша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

теңге (қосылған құн салығысыз)

теңге (қосылған құн салығымен)

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 түрғын айына

174,15

195,05

Бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф

1 м3

2069,11

2 317,40


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады