Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Келес ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алпамыс батыр, Ақтөбе, Бірлік, Ұшқын ауылдық округтері аумағында орналасқан жалпы көлемі 11,6 гектар жер учаскесіне "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
3. Қаулының орындалуын бақылау Келес ауданы әкімінің орынбасары С.Джилкибаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж.Агибаев |
Келес ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 186 қаулысына қосымша |
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне магистральды талшықты оптикалық байланыс желісін орналастыру және пайдалану үшін жер учаскілеріне қауымдық сервитут белгілеу көлемдері
№ | Жер пайдаланушылар атауы | Қауымдық сервитуттың әрекет ету көлемі (гектар) | Соның ішінде | |||||
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер | Оның ішінде | |||||||
егістік | Оның ішінде: | Көп жылдық екпелер | Шабындық | жайылым | ||||
Суармалы егістік | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1 | Ақтөбе ауылдық округі | 6,66 | 5,04 | - | - | - | - | 5,04 |
2 | Алпамыс батыр ауылдық округі | 0,68 | 0,60 | - | - | - | - | 0,60 |
3 | Бірлік ауылдық округі | 4,06 | 4,06 | 4,06 | ||||
4 | Ошақты ауылдық округі | 0,2 | 0,2 | 0,2 | ||||
Барлығы | 11,6 | 9,9 | - | - | - | 9,9 |
Кестенің жалғасы
елдi мекендердің жері | өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер | ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер | орман қорының жерлері | су қорының жерлерi | Босалқы жерлер |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
1,62 | |||||
0,08 | |||||
0,2 | |||||
1,7 | 0,2 |