"Түркістан әуежайы-"Қазтелерадио" АҚ-Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің "Қазаэронавигация" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны" бағытында талшықты-оптикалық байланыс желісінің желілік-кәбілдік ғимараттарын салу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сауран ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 13 ақпандағы № 41 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарына және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің "Қазаэронавигация" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 2022 жылғы 05 тамыздағы № 01-12-392 хатына сәйкес, Сауран ауданының әкімдігі,ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес “Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің "Қазаэронавигация" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына” "Түркістан әуежайы" -"Қазтелерадио" АҚ бағытында талшықты-оптикалық байланыс желісінің желілік-кабелдерін төсеу және ғимараттарын салу үшін қажетті жер учаскелерін меншік иелерінен алып қоймай тұрақты мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің "Қазаэронавигация" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны-құрылыс жұмыстар аяқталғаннан кейін бір ай мерзімнен кешіктірмей бұзылған жерлерді қалпына келтіру және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтау бойынша жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етілсін.

      3. "Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Сауран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Садибаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сауран ауданының әкімі Ғ. Үсенбаев

  Сауран ауданыы әкімдігінің
2023 жылғы "13" ақпан
№ 41 қаулысына қосымша

Түркістан облысы Сауран ауданында орналасқан Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің "Қазаэронавигация" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны талшықты оптикалық байланыс желісін салу үшін қауымдық сервитут белгілеу бойынша
ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ


қ/с

Жер пайдаланушылар атауы

Кадастрлық номер

Нысаналы мақсаты

Жер учаскесінің орналасқан жері

Сервитуттың әрекет ету көлемі, (га)

Меншік түрі

1

2

3

4

5

6

7

1

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің "Қазаэронавигация" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

19-304-104-1446

жаңа әуежайдың аэронавигация объектілерін салу үшін

Шаға ауыл округі

0,01


2

"Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі

19-331-070-028

халықаралық әуежайды салу және пайдалану үшін

Шаға ауыл округі

0,1122


3

"Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі

19-331-070-029

халықаралық әуежайды салу және пайдалану үшін

Шаға ауыл округі

0,0127


4

"Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі

19-331-106-001

қолданыстағы әуежайға апаратын жол

Шаға ауыл округі

1,8421


5

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының "Тұран су" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

19-304-031-338

Арыс-Түркістан каналының жер учаскесін бекіту үшін

Шаға ауыл округі

0,0337


6

Тәңірберген Рахманберді Тәңірбергенұлы

19-304-104-1389

тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

Шаға ауыл округі

0,0621


Аудан бойынша барлығы:




2,0728



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады