"Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 40 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 110 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, 164-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 40 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереженің:

      14-тармағының:

      19) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "19) асыл тұқымды жануарларды сатып алуды, ұстауды және кең ауқымда өз төлi есебінен өсiру үшін мал басын молықтыратын төл өсiрудi ұйымдастыру;";

      41, 89, 90, 91) тармақшалар алып тасталсын;

      118) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "118) жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды ұйымдастыру;";

      мынадай мазмұндағы 135-1), 135-2), 135-3) тармақшалармен толықтырылсын (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі):

      "135-1) мемлекеттік сатып алу, оның нәтижелері бойынша өнім берушілермен жеткізу шарттарын жасасу, сондай-ақ тапсырыс берушілерге ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды сақтау және тасымалдау (жеткізу) қызметтерін қамтамасыз ету, ұсыну;";

      "135-2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау үшін ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды беру процесінде ішінара іріктеу;";

      "135-3) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар қорын қалыптастыру;".

      2. Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.А. Нұрбаевқа жүктелсін.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады