Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес "Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Өскемен қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылсын.
3. "Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Өскемен қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі | Ж. Омар |
Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қаңтардағы № 83 қаулысына 1 қосымша |
"Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендердің шекарасында мемлекеттік бақылау салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, тұрғын үй шаруашылығы, газ және газбен жабдықтау, сондай-ақ елді мекендер шекарасында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады.
2. Бөлімнің ведомствосы бар – Өскемен қаласы әкімдігінің "Аумақтық басқару орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Бөлімнің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Тургенев көшесі, 30, пошталық индексі 070002.
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлім қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру;
2) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік бақылау;
3) қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде қала аумағында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер жүргізу;
тексеру жүргізу барысында кез келген қажетті ақпаратты сұратуға, тексеру нысанасына қатысты құжаттардың түпнұсқасымен танысу;
мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан басқармаға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұраулар жіберу және алу;
талап қоюға, сотта талапкер және жауапкер ретінде әрекет ету;
тұрғын үй қатынастары саласындағы қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес тиісті саланың акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестерін, мемлекеттік заңды тұлғалар құқығының субъектісін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыру, оның ішінде уәкілетті органдардың құзыретіне жататын шешімдер қабылдау;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі жасамау;
тексеру нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету;
мемлекттік тұрғын үй қорынан үйді жекешелендіру туралы өтінішпен жүгінген тұлғаларға экологиялық куәліктер берудің жарамдылығы, жылжымайтын мүліктің болуы (болмауы), иеліктен шығарылуы туралы мәліметтер беру, уәкілетті органдарға сұрау салулар жіберу;
кондоминиум объектісін басқару үшін тұрғын үйді басқарушыны (менеджерді) немесе заңды тұлғаны таңдау немесе жалдау туралы шешім қабылдай отырып, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жиналысын өткізуге бастамашылық ету;
барлық ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің және мемлекеттің мүдделерін білдіруге және олардың құқықтарын қорғау;
әзірлеушісі Бөлім болып табылатын әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингті жүзеге асыруға және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану бойынша уақтылы шаралар қабылдау;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) Өскемен қаласының аумағындағы кондоминиум субъектілерінің қызметіне лауазымды тұлғалардың тексерулер жүргізу;
2) тұрғын үй қорын сақтау және дұрыс пайдалану жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру:
кондоминиум объектісінде және кондоминиум объектісіне іргелес аумақта пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің ортақ мүлкін пайдалану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуы;
пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдау, ағымдағы жинақ шотын ашу тәртібінің сақталуы;
көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) жылу, энерго, газ және су ресурстарын есепке алудың жалпыға ортақ үй аспаптарының болуы;
кондоминиум нысанындағы ортақ мүліктің және оның инженерлік жабдығының техникалық жай-күйін, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалау құжаттарына сәйкес оны күтіп ұстау және жөндеу бойынша жұмыстардың уақтылы орындалуы;
тұрғын үйдің маусымдық пайдалануға дайындау бойынша іс-шаралардың жүзеге асырылуы;
анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен нұсқаулардың орындалуы;
Өскемен қаласының шекарасында тұрмыстық және коммуналдық тұтынушыларды газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуы;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстардың сапасы;
жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау ұйымын айқындау және жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау бойынша конкурсты өткізу;
4) тұрғын үй қатынастары туралы және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларын бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар (ұсынымдар) шығару, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;
5) тұрғын үй қатынастары туралы және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау (кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындай отырып) жүргізуді, сондай-ақ кондоминиум объектісіне техникалық паспорттарды және көппәтерлі тұрғын үй орналасқан жер учаскесіне, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері жиналысының шешімі негізінде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда, үй жанындағы жер учаскесіне құжаттарды дайындауды және дайындау жөніндегі шығыстарды өтеуді ұйымдастыру;
6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің тізбесін, кезеңділіктерін және кезектілігін айқындау;
7) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын келісу;
8) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;
9) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімінің және әкімдігінің құқықтық және нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;
10) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өтініш жасаған кезде кондоминиум объектісінің бағыты және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау бойынша есептің бар-жоғына тексеру жүргізу;
11) мемлекеттік тұрғын үй қорының апатты тұрғын үйлерін күту, күтіп ұстау:
мемлекеттік тұрғын үй қорының апатты және тозған үйлерін қысқы уақытта күтіп ұстау;
апатты және тозған үйлерді жылыту маусымына дайындау бойынша сантехникалық жұмыстар жүргізу;
мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыру (пәтерді ағымдағы жөндеу);
12) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендердің шекаралары шегіндегі бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
13) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қала шекаралары шегінде қауіпті техникалық құрылғыларды, атап айтқанда 0,07 мегапаскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтарын (жылумен жабдықтау ұйымдары), 0,07 мегапаскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі мүмкіндіктері шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған траволаторлар, көтергіштер, қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру;
14) әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;
15) қаланың шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылауды, сондай қаланың шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде қаланың жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында:
мемлекеттік бақылау және мемлекеттік қадағалау объектілері мен субъектілері туралы;
тексеру кестелері және олардың нәтижелері туралы;
анықталған кемшіліктер туралы, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау туралы жасалған актілер мен шығарылған нұсқамалар туралы;
қаланың шегінде құрылған жай серіктестіктердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу туралы ақпаратты қамтамасыз ету;
16) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесін күтіп-ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызметтерді ұсыну бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысу, сондай-ақ бақыланатын объектілердің иелеріне, көппәтерлі тұрғын үйлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін басқаруды және күтіп-ұстауды жүзеге асыратын кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе азаматтарға, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес келіп түскен өтініштер бойынша консультациялық көмек көрсету;
17) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну;
18) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді есепке алуды және бөлуді қамтамасыз ету;
19) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау, жекешелендіру шарттарын, ордерлердің телнұсқаларын жасасу және беру, қажет болған жағдайларда жалға алушыны және оның отбасы мүшелерін сот тәртібімен тану жөнінде шаралар қабылдау мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалану құқығының күші жойылған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жалдау ақысының берешегін өндіріп алу;
20) заңнамада көзделген шарттарда және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді Қазақстан Республикасы азаматтарының меншігіне беруді жүзеге асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
21) мемлекеттік тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
22) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдеріне, оның ішінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қоюдың және кезектілігінің электрондық базасын пайдалана отырып, жыл сайын түгендеу жүргізу;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын тұрғын мүлікті анықтау, иесіз, мирасқорлары жоқ деп тану және кейіннен оны қаланың коммуналдық меншігіне беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
24) Өскемен қаласы әкімінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының қызметін ұйымдастыру;
25) Бөлімнің құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету;
26) тексеру жүргізу кезінде қызметтік куәлігін көрсеткен кезде тексерілетін объектіге бару;
27) қалаға біртұтас сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ережелерін, сондай-ақ лифттерді жөндеуге және ауыстыруға, үйде көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге байланысты шығындарға тұрғын емес үй-жайлардың пәтер иелеріне өтемақы төлеу ережелерін әзірлеу,
28) жергілікті бюджеттен қаражат болған жағдайда қалаға біртұтас сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру;
29) жергілікті бюджеттен қаражат болған жағдайда көппәтерлі тұрғын үйлердегі лифттерді жөндеуді және ауыстыруды қаржыландыруды тұрғын емес үй-жайлардың пәтер иелерінің қаражатты қайтаруды қамтамасыз ету шартымен ұйымдастыру;
30) жергілікті бюджеттен қаражат болған жағдайда, тұрғын емес үй-жайлардың пәтер иелерінің қаражатын қайтару шартымен көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге қаржыландыруды және ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
31) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Бөлімнің басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
19. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзіретіне сәйкес Бөлім қызметінің мәселелерін шешеді;
2) Бөлім құрылымын дербес айқындайды;
3) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер шақырады;
4) Бөлім қызметкерлерінің өкілеттігін анықтайды;
5) барлық ұйымдарда Бөлімнің мүдделерін ұсынады;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікте болады;
7) заңнамамен қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырылады.
20. Бөлімнің бірінші басшысы өз орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қаңтардағы № 83 қаулысына 2 қосымша |
Өскемен қаласы әкімдігінің кейбір жойылған қаулыларының тізбесі
1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 412 "Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысы.
2. Өскемен қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 3702 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 412 "Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысымен и бекітілген "Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы.
2. Өскемен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 201 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 412 "Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы.