Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 20 ақпандағы № 606 қаулысы

      Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қаңтардағы № 83 "Өскемен тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы;";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бөлімнің штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігімен бекітіледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Бөлімнің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылы, 180, пошталық индекс 070018;";

      15-тармақта:

      "3) тармақшадағы "жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау ұйымын айқындау және жобалау-сметалық құжаттамасын дайындау бойынша конкурсты өткізу;" абзацы алып тасталсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңын және кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау жөніндегі қағидаларды бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар (ұсынулар) шығару;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) пәтердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өтініш жасаған кезде кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау жөніндегі есептің бар-жоғы бойынша бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу;";

      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасымен қарастырылған жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғын үй инспекциясының көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидаларына сәйкес уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау;";

      11) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      12) тармақша мынандай редакцияда жазылсын:

      "12) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қаланың шекаралары шегіндегі бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "12-1) тұрмыстық жене коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      12-2) топтық резервуарлық қондырғылар иелерінің тізілімін жүргізу және интернет-ресурста жариялау;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қала шекаралары шегінде қауіпті техникалық құрылғыларды атап айтқанда, 0,07 мегапаскальдан асатын қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтарын (жылумен жабдықтау ұйымдары), 0,07 мегапаскальдан асатын қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер, траволаторлар, көтергіштер, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі мүмкіндіктері шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "14-1) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі кауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау кұжаттамасын келісу;";

      27), 28) тармақшалар мынадай редакцияда мазмұндалсын:

      "27) қалаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу;";

      "28) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде қалаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 28-1), 30-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "28-1) көппәтерлі тұрғын үйді бюджет қаражаты есебінен күрделі жөндеу жургізуді талап ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесіне енгізген кезде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу үшін жобалау ұйымын айқындауға және жобалау-сметалык кұжаттаманы дайындауға жергілікті бюджет қаражатының есебінен конкурс өткізу;

      30-1) газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарында жұмыстар жүргізгені (тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелері объектілері бөлігінде);

      газ пайдалану, газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзғаны;

      Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;";

      қаулының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын :

      "3. "Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулыны Өскемен қаласы әкімінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін:

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі А. Акышов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады