"Риддер қаласының жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 27 шілдедегі № 626 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 42-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 123-бабына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Риддер қаласының әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамту және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

      2. "Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Ә.Б. Ағажаеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Риддер қаласы әкімінің міндетін атқарушы Д. Қосантаев

  Риддер қаласы әкмідігінің
2023 жылғы " 27 " шілдедегі
№ 626 қаулысына қосымша

"Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) Риддер қаласының аумағында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.

      3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.

      5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Мемлекеттік мекеменің жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар саласындағы заңнамада, сондай-ақ осы Ережеде белгіленген құзыреттер шегінде мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимитін қолданыстағы заңнамаға сәйкес Риддер қаласының әкімдігі бекітеді.

      9. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Семенова көшесі, 13, индексі 071300.

      10. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Риддер қаласының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.

      12. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздықты қысқарту, жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу;

      2) халықтың әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік көмек көрсету;

      3) мүгедектерді оңалту жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;

      4) заңнамада белгіленген құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында, халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

      5) заңнамада айқындалған құзырет шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      1.1. өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, мекемеге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан заңнамада белгіленген мерзімдерде ақпарат пен құжаттарды сұрату және алу;

      1.2. мекеменің қызмет саласына, тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға қатысты ұсынымдар беру, олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыреті шегінде орындалуын бақылау;

      2) міндеттері:

      2.1. мекеменің құзыретіне жататын мәселелерді, ұсыныстарды, ақпаратты, шешімдердің жобаларын әкімдіктің қарауына енгізу;

      2.2. мемлекеттік органдар өткізетін мекеменің құзыреті мәселелеріне қатысты отырыстарға, жиналыстар мен кеңестерге қатысу;

      2.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) Риддер қаласындағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау және облыстың жергілікті атқарушы органына хабарлау;

      2) облыстың жергілікті атқарушы органдарына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар енгізу;

      3) өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;

      4) ұлттық жобалар, облыстың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеуді жүзеге асыру;

      5) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы Риддер қаласының жұмыс орындарын құруды қолдау;

      6) облыстың жергілікті атқарушы органдарына жұмыс күшінің мобильділігін арттыру мақсатында адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстар енгізу;

      7) жұмыс орындарының босау және қысқару тәуекелдері бар ұйымдарды мониторингтеуді жүзеге асыру;

      8) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек мобильділігі орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау;

      9) өздерінің қарауындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді құру және олардың қызметі;

      10) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілердің арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуы;

      11) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

      12) халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктеріне талдау жүргізу;

      13) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;

      14) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдау;

      15) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

      16) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;

      17) мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды жеке бағдарламаға сәйкес санаторийлік-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;

      18) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;

      19) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз ету;

      20) мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік көмек шараларын ұсыну;

      21) Қазақстан Республикасының заңнамасында аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етеді.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Мемлекеттік мекемеге басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. Мемлекеттік мекеменің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Риддер қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. Штат бойынша басшының орынбасары қарастырылмаған.

      19. Мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттіктері:

      1) мемлекеттік мекеме қызметінің мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде айқындалатын оның құзыретіне сәйкес шешеді;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме қызметкерлерін көтермелеуді жүзеге асырады және оларға тәртіптік жаза қолданады;

      4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      5) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;

      7) Риддер қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат саны мен құрылымы лимиті шегінде мемлекеттік мекеменің штат кестесін бекітеді;

      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады.

      20. Мемлекеттік мекеме басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Мемлекеттік мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Мемлекеттік мекемні қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады