Зайсан ауданындағы ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 01-03/VIII-17-11/1 шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01 2024 бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңының 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" №72 бұйрығының 7, 9-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" №126 бұйрығының 1-тармағына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Зайсан ауданындағы ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылға әлеуметтiк қолдау шараларының келесі түрлері көрсетілсін:

      1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бюджеттік кредит айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада.

      2. Осы шешiм 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихат төрағасы Е. Загипаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады