"2023 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 21 ақпандағы № 41 қаулысы

      Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2023 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 37 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      орыс тіліндегі мәтінде кіріспеге өзгеріс енгізіледі, казак тілінде мәтін өзгермейді.

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Самар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға жұмыс орындарына квота белгіленсін.";

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жана редакцияда жазылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Самар ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға жұмыс орындарына квота белгіленсін."

      көрсетілген қаулының 3-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жана редакцияда жазылсын;

      мынадай мазмұндағы 6 тармақпен толықтырылсын:

      "Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.С. Сурашевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Самар ауданының әкімі Р. Сейтканов

  Шығыс Қазақстан облысы
Самар ауданы әкімдігінің
2023 жылғы "21" ақпандағы
№ 41 қаулысына 1-қосымша
  Шығыс Қазақстан облысы
Самар ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "02"желтоқсандағы
№ 37 қаулысына 2-қосымша

2023 жылға арналған бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Реттік №

Ұйымның атауы

Жұмыс- керлерінің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (жұмыс- керлерінің тізімдік санынан пайыз)

Жұмыс орындар саны (бірліктері)

1

"Мәмбет" Шаруа шаруашылығы

115

1,7%

2

2

"Дигам" ЖШС

107

1,0%

1

3

"ДСУ-14" ЖШС

76

4,0%

3

  Шығыс Қазақстан облысы
Самар ауданы әкімдігінің
2023 жылғы "21" ақпандағы
№ 41 қаулысына 2-қосымша
  Шығыс Қазақстан облысы
Самар ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "02"желтоқсандағы
№ 37 қаулысына 3-қосымша

2023 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Реттік №

Ұйымның атауы

Жұмыс- керлерінің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (жұмыс- керлерінің тізімдік санынан пайыз)

Жұмыс орындар саны (бірліктері)

1

"Мәмбет" Шаруа шаруашылығы

115

1,7%

2

2

"Дигам" ЖШС

118

1,0%

1

3

"ДСУ-14" ЖШС

76

3,0%

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады