Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Трекин ауылдық округі мен Трекино ауылын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 27 қазандағы № 252 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 қазандағы № 7-3 бірлескен қаулысы мен шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 13 шілдедегі қорытындысы негізінде, халықтың пікірі ескеріле отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Трекин ауылдық округі – Байқоныс ауылдық округі болып;

      Трекин ауылдық округінің Трекино ауылы – Байқоныс ауылы болып қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Төреғалиев
      Батыс Қазақстан облыстық мәслихат төрағасы М.Мұқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады