Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2023 жылғы 10 мамырдағы № 17 шешімі. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 33 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 13.12.2023 № 33 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес және 2023 жылғы 4 мамырдағы Орал қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын - алу және жою жөніндегі комиссияның жоспардан тыс отырысының №5 хаттамасы негізінде, Орал қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Орал-Атырау, Орал-Саратов трассалары арасындағы жаңа шағын аудандағы" №3 қазандықтың және жылу желілеріндегі апатқа байланысты, жағдай қалыптасқанға дейін Орал қаласында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайдың салдарын жою басшысы болып Орал қаласының әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы зардап шеккен объектіге тексеру жүргізсін және оның нәтижесі бойынша тиісті шараларды қабылдасын.

      4. "Орал қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      5. Осы шешімнің орындалуын қадағалау өзіме қалдырамын.

      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Орал қаласының әкімі М.Сатқанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады