Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Орал қаласы әкімінің "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2023 жылғы 10 мамырдағы № 17 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 181006 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Бірыңғай мемлекеттік-құқықтық жұмыстар қызметі бөлімінің басшысы осы шешімнің Қазақстан Республикасының эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімінің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Орал қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | М. Сатқанов |