Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 2721 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 бабының 4, 5 тармақтарына сәйкес Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 20.03.2024 № 479 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Орал қаласының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері төлем тәсіліне байланысты келесі мөлшерде белгілесін:

      жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері немесе көлік картасы немесе мобильді қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 100 теңге;

      жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 200 теңге.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі М.Сатқанов

      Келісілді:
Орал қалалық мәслихатының
төрағасы Е.Қалиев

      Ескерту. Қаулысына өзгеріс енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 20.03.2024 № 479 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады