Ақжайық ауданы әкімінің 2023 жылғы 10 наурыздағы №2 "Ақжайық ауданының Чапаев ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 6 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып ШЕШТІМ:

      1. Ақжайық ауданы әкімінің 2023 жылғы 10 наурыздағы №2 "Ақжайық ауданының Чапаев ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Ақжайық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Умитовқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ.Айтмұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады