Ақжайық аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 мамырдағы № 19-1 "Ақжайық ауданының ауылдық округтері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 маусымдағы № 4-4 шешімі. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 маусымдағы № 18-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 14.06.2024 № 18-3 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ақжайық аудандық мәслихатының "Ақжайық ауданының ауылдық округтері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 14 мамырдағы № 19-1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5201 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ақжайық ауданының ауылдық округтері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде

      4-тармақта:

      тоғызыншы абзацтың қазақша мәтініне өзгеріс енгізілмейді, орысша мәтініне өзгеріс енгізіледі;

      оныншы абзац алып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы С.Сиражев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады