Жаңақала ауданы Жаңақала ауылдық округі Жаңақала ауылының атаусыз көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақала ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 63 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Жаңақала ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 8 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Жаңақала ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:

      1. Жаңақала ауданы Жаңақала ауылдық округі Жаңақала ауылының атаусыз көшелеріне мынадай атаулар берілсін:

      1. № 5 жобалық көшеге – "Жайық";

      2. № 6 жобалық көшеге – "Жиембет жырау";

      3. № 9 жобалық көшеге – "Береке";

      4. № 10 жобалық көшеге – "Нарын";

      5. № 12 жобалық көшеге – "Кенесары хан";

      6. № 15 жобалық көшеге – "Әлихан Бөкейхан";

      7. № 17 жобалық көшеге – "Жерұйық";

      8. № 18 жобалық көшеге – "Жанша Досмұхамедұлы";

      9. № 21 жобалық көшеге – "Аманат";

      10. № 22 жобалық көшеге – "Доспамбет жырау";

      11. № 23 жобалық көшеге – "Бейбарыс сұлтан";

      12. № 25 жобалық көшеге – "Серпер";

      13. № 31 жобалық көшеге – "Қыз Жібек";

      14. № 33 жобалық көшеге – "Қажымұқан";

      15. № 36 жобалық көшеге – "Әбу Насыр әл-Фараби";

      16. № 62 жобалық көшеге – "Алаш";

      17. № 69 жобалық көшеге – "Алпамыс батыр";

      2. Жаңақала ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (С.Жумасалихов) осы шешімнің Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақала ауылдық округінің әкімі А. Капанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады