Ауылдық елді мекендерге жұмыс істейтін және тұратын басшылық лауазымдарды атқаратын мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін қоспағанда, 2023 жылы Жәнібек ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау ұсыну туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 29-3 шешімі.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қажеттiлiктi ескере отырып, Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 14.04.2023 № 2-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. 2023 жылы "Ауылдық елді мекендеріне жұмыс істейтін және тұратын басшылық лауазымдарды атқаратын мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін қоспағанда, Жәнібек ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау ұсынылсын:

      1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада берілсін.

      Ескерту. 1-тармақ орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тілінде мәтіні өзгермейді – Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 14.04.2023 № 2-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Т.Кадимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады