Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 2-5 "Казталов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылы тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие беру және бір жолғы көтерме жәрдемақы беру туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 10 қарашадағы № 10-17 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының "Казталов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылы тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие беру және бір жолғы көтерме жәрдемақы беру туралы" 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 2-5 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы С.Мулдашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады