Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Қаратөбе ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Қаратөбе ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылдық округі Қаратөбе ауылының "№3" көшесі – "Алаш" көшесі деп аталсын.
2. Қаратөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары осы шешімнің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қатамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды ауылдық округ әкімінің орынбасарына жүктеймін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Б.Муса |