Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Тасқала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Тасқала ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік кұқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Айтмағамбетов |
Тасқала ауданы әкімдігінің 2023 жылғы "18 " қыркүйектегі № 184 қаулысына қосымша |
Тасқала ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Тасқала ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 217 "Тасқала ауданы бойынша 2023 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы.
2. Тасқала ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 218 "Тасқала ауданы бойынша 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы.