БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 25 қазандағы № 855 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19533 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтау нормаларында:
1-тарау 11-параграфының реттік нөмірі 82-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
82. | Сөре (металл) | 80 стандартты кітапқа, журналға және іске | 1 | 25 |
";
2-тарау 25-параграфының реттік нөмірі 126-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
126. | Сөре (металл) | 80 стандартты кітапқа, журналға және іске | 1 | 25 |
";
4-тарау 5-параграфының реттік нөмірі 61-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
61. | Сөре (металл) | 80 стандартты кітапқа, журналға және іске | 1 | 25 |
";
5-тарау 7-параграфының реттік нөмірі 38-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
38. | Сөре (металл) | 80 стандартты кітапқа, журналға және іске | 1 | 25 |
";
6-тарау 5-параграфының реттік нөмірі 22-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
22. | Сөре (металл) | 80 стандартты кітапқа, журналға және іске | 1 | 25 |
".
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қорғаныс министрі | Р. Жаксылыков |