"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін монша кір-жуу комбинаттары жұмыскерлері санының нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 369 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін монша кір-жуу комбинаттары жұмыскерлері санының нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 595 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14722 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 101-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін монша кір-жуу комбинаттары жұмыскерлерінің саны нормативтерінің 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сан нормативтері мынадай құжаттар негізінде әзірленді:

      1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1036 бұйрығымен бекітілген Жұмыс берушінің еңбек нормаларын, еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді, қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай және (немесе) салааралық үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12736 болып тіркелген);

      3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 310-ө бұйрығымен бекітілген Жұмысшылардың еңбегін нормалау үшін нормалар мен нормативтерді белгілеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар;

      4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 19 қазандағы № 344/1-ө бұйрығымен бекітілген Ұйымдарда хронометраждық жұмыстарды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар;

      5) жұмыскерлердің жұмысын орындаудың және еңбегін ұйымдастырудың ұйымдастыру-техникалық шарттарын зерделеу материалдары;

      6) МКК жұмыскерлерінің санына ықпал ететін факторлардың (сол немесе өзге де жұмысқа уақыт нормаларының) сандық мәні;

      7) хронометраждық қадағалау, жұмысшылардың нақты саны мен орындалатын жұмыс көлемі туралы МКК-ның деректері;

      8) еңбек жөніндегі нормативтік материалдарды әзірлеу жөніндегі еңбек ғылыми-зерттеу институтының әдістемелік ұсынымдары.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі генерал-полковник
Р. Жақсылықов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады