"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәдениет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесі ақылы негізде көрсететін қызметке тарифті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 552 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 22 тамыздағы № 904 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәдениет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесі ақылы негізде көрсететін қызметке тарифті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 552 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15929 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәдениет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесі ақылы негізде көрсететін қызметке тарифте:

      "Ұлттық әскери-патриоттық орталық" деген 1-тарауда:

      "А13 көрсетілетін қызмет түрі – іс-шаралар өткізу үшін залды, жабдық беру" деген бөлік:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-1-жолмен толықтырылсын:

      "

4-1

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Қонаев қаласындағы филиалы

"Алтын Емел" мүліктік кешенін ұсыну бойынша көрсетілетін қызмет

1 ай

4 268 000

  ";

      "Мемлекеттік әскери-тарихи музей" деген 2-тарауда:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Әскери мұражай және Алматы қаласының "Жауынгерлік даңқ" мұражайы";

      реттік нөмірі 5 және 6-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5.

Әскери мұражай және Алматы қаласы "Жауынгерлік даңқ" мұражайы залының тақырыбы бойынша дәріс

1 дәріс

2000

Көшпелі дәріс

1 дәріс

4000

6.

Жеке және заңды тұлғалар үшін көшпелі көрме ұйымдастыру және өткізу



Әскери мұражай және Алматы қаласы "Жауынгерлік даңқ" мұражайының СК экранмен, жарықтандырғышпен, аспалы шатырмен жарақтандырылған көрме павильонында көшпелі көрме

1 көрме

200000

көрме павильонынсыз көшпелі көрме

1 көрме

100000

  ";

      реттік нөмірі 9, 10 және 11-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9.

Экспонатты фото, бейнетүсіру, Әскери мұражай және Алматы қаласы "Жауынгерлік даңқ" мұражайы қорынан құжаттан көшірме жасау

санат

Қолдану құқығымен бір экспонатты (құжатты) фотоға түсіру, көшірме жасау және сканерлеу:


1

2

баспасөз басылымында жариялау құқығынсыз оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмысы үшін

1500

2000

оқу және оқу-әдістемелік басылым үшін

2000

3000

ғылыми басылымда жариялау үшін

3000

5000

көрмеде қолдану үшін экспонат фотосуреті

4000

7000

бұқаралық ақпарат құралында жария ету үшін

4000

15000

ғылыми-танымдық және көркем басылымда, альбомда, каталогта жария ету үшін

7500

18000

күнтізбе, ашық хат, плакат, жарнама жасап шығару үшін

10000

32000

Әскери мұражай және Алматы қаласы "Жауынгерлік даңқ" мұражайы қорындағы бір экспонатты фото және бейнетүсіру (тапсырыс берушінің жеке фотоаппаратымен және бейнекамерасымен)



оқу бағдарламасы үшін

1975

12945

жарнама үшін

11945

12475

өзге де мақсат үшін

13975

35750

10.

Әскери мұражай және Алматы қаласы "Жауынгерлік даңқ" мұражайы залында және ашық алаңдағы әскери техника павильоны аумағында фото, бейнетүсіру



Әскери мұражай және Алматы қаласы "Жауынгерлік даңқ" мұражайы залында және ашық алаңдағы әскери техника павильоны аумағында келушілер үшін дөңгелек шамды қоспағанда, штативсіз, қосымша жарықтандыру аспабынсыз әуесқойлық бейне, фототүсірілім (өз бейнекамерасымен, фотоаппаратымен, мобильді телефонымен)

саны шектеусіз

1000

Әскери мұражай және Алматы қаласы "Жауынгерлік даңқ" мұражайы залында және ашық алаңдағы әскери техника павильоны аумағында кәсіби фототүсірілім (тапсырыс берушінің жеке фотоаппаратпен, қосымша жабдықпен және затымен) – күрделілік деңгейі әртүрлі цифрлық фотосурет жасау, А – G дейін

1 сағат

1250 – 15000

11.

Әскери мұражай және Алматы қаласы "Жауынгерлік даңқ" мұражайы залында және ашық алаңдағы әскери техника павильоны аумағында түсірілім түріне байланысты кәсіби бейне, теле, кинотүсірілім

Жоба түрі, құны

коммерциялық

шетел

бағдарламалық, ақпараттық (1 сағат)

17750

23750

деректі фильм (1 сағат)

35500

47000

көркем фильм (1 сағат)

62500

100000

  ";

      реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

14.

Басқа мұражай қорынан бұйым мен экспонатты, жеке коллекциядағы көркем бұйымды және пайдаланылмаған әскери мүлікті реставрациялау



матадан жасалған бұйым, кілем-киіз бұйымы, былғары, станокты кескіндеме, қағаз негіздегі жұмыс:

1 шаршы сантиметр


күрделі емес реставрациялау (ашылған жерді желімдеу, тесілген жерді жамау, майысқан жерді түзету

2000

орташа күрделі реставрациялау (ашылған жерді желімдеу, тесілген жерді жамау, майысқан жерді түзету, дақты кетіру, химиялық өңдеу)

5000

күрделі реставрациялау (негізді нығайту, жаңа негізге қайталау, негіз бен суреттің жоғалған фрагментін толықтыру)

10 000

металл, ағаш, керамика, фарфор және басқа да материалдан жасалған бұйым



күрделі емес реставрациялау

1 шаршы сантиметр

15000

орташа күрделі реставрациялау

25000

күрделі реставрациялау

40000

  ";

      ескертпенің 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Түсірілім түріне байланысты – төлем кезінде түсіру тобының ҚР ҚК Әскери мұражай аумағында нақты болған уақыты есептеледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі генерал-полковник
Р. Жақсылықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады