Ақмола облысының аумағында карантиндік режимінің күшін жою және "Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып карантинді аймағын белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № А-5/270 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2024 жылғы 1 наурыздағы № А-3/101 қаулысы

      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының 2024 жылғы 21 ақпандағы № 03-08-75 ұсынымының негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақмола облысы аумағында келесі аудандарында жатаған (қызғылт) у кекіремен залалданған алаңдардың көлемінде карантиндік режимі алынып тасталсын:

      1) Астрахан ауданы, Первомай ауылдық округі – залалданған алаң 1121 гектар;

      2) Бұланды ауданы, Ерголка ауылдық округі – залалданған алаң 377 гектар;

      3) Жақсы ауданы, Қызылсай ауылдық округі – залалданған алаң 642 гектар;

      4) Жарқайың ауданы, Жаңадала ауылдық округі – залалданған алаң 600 гектар, Львов ауылы – залалданған алаң 1044 гектар, Тасөткел ауылы – залалданған алаң 1100 гектар, Үшқарасу ауылы – залалданған алаң 200 гектар, Державинск қаласы – залалданған алаң 400 гектар;

      5) Сандықтау ауданы, Васильев ауылдық округі – залалданған алаң 398 гектар, Сандықтау ауылдық округі – залалданған алаң 3 гектар, Веселов ауылдық округі – залалданған алаң 362 гектар;

      6) Целиноград ауданы, Шалқар ауылдық округі – залалданған алаң 30 гектар, Мәншүк Мәметова ауылы – залалданған алаң 472 гектар, Софиевка ауылдық округі – залалданған алаң 544 гектар, Рахымжан Қошқарбаев атындағы ауылдық округі – залалданған алаң 342 гектар, Жаңаесіл ауылдық округі – залалданған алаң 309 гектар;

      7) Шортанды ауданы, Андреев ауылдық округі – залалданған алаң 494 гектар.

      2. "Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып карантинді аймағын белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № А-5/270 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8493 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1, 2, 3-қосымшалары осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы Е.Рамазанов

  Ақмола облысы әкімдігінің
2024 жылғы 1 наурыздағы
№ А-3/101 қаулысына
1-қосымша
  Ақмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 28 мамырдағы
№ А-5/270 қаулысына
1-қосымша

Ақмола облысының аумағында карантиндік арамшөп – жатаған (қызғылт) у кекіремен залалданған алаңдарға карантиндік режим енгізе отырып белгіленген карантинді аймақтар

Аудандардың атауы

Қалалардың, ауылдық округтердің, ауылдардың, кенттердің атаулары

Залалданған жерлердің көлемі (гектар)

1

Ақкөл

Ауылдық округтері: Новорыбин, Урюпин

517

2

Астрахан

Ауылдық округтері: Астрахан, Есіл, Николаев, Острогор, Первомай, Ұзынкөл; Каменка ауылы.

10 143,7737

3

Атбасар

Атбасар қаласы; ауылдық округтері: Макеевка, Сергеевка, Шұңқыркөл,

2 433,3489

4

Аршалы

Ауылдық округтері: Жібек жолы, Бірсуат, Константинов

960

5

Біржан сал

Ауылдық округтері: Баймырза, Бірсуат, Макинка; Мамай ауылы

2607

6

Егіндікөл

Ауылдық округтері: Алакөл, Ұзынкөл, Жалманқұлақ; ауылдар: Абай, Бауман, Буревестник, Егіндікөл, Спиридоновка

15 539,3

7

Ерейментау

Еркіншілік ауылдық округі

650

8

Есіл

Ауылдық округтері: Бұзылық, Двуречный, Жаныспай, Қаракөл, Красивинский, Свободный; ауылдар: Ақсай, Московский; Красногорский кенті

19 247

9

Жарқайың

Державин қаласы; ауылдық округтері: Жаңадала, Костычево, Нахимов, Отрадный, Уәлихан; ауылдар: Бірсуат, Гастелло, Құмсуат, Львов, Пригород, Пятигор, Үшқарасу, Тасөткел, Тассуат, Шойындыкөл

80 314,3

10

Жақсы

Ауылдық округтері: Жаңа Қийма, Ешім, Қызылсай, Запорожье, Тарасов, Беловод; ауылдар: Жақсы, Терісаққан, Белағаш, Подгорное, Киевское, Новокиенка

14 344,9536

11

Зеренді

Ауылдық округтері: Зеренді, Күсеп.

683

12

Сандықтау

Ауылдық округтері: Барақпай, Васильев, Веселов, Жамбыл, Сандықтау, Широков, Максимов; Мәдениет ауылы,

5134

13

Қорғалжын

Ауылдық округтері: Қорғалжын, Кеңбидайық, Арықты, Майшұқыр, Қызылсай, Амангелді, Қарашалғын.

34 045,260

14

Целиноград

Ауылдық округтері: Шалқар, Софиевка, Рахымжан Қошқарбаев, Арайлы, Жаңаесіл, Нұресіл, Оразақ, Жарлыкөл, Родина; ауылдар: Мәншүк Мәметова, Ақмол

36 775,1077

15

Шортанды

Ауылдық округтері: Раевка, Новокубанка, Бектау, Пригородный, Петровка, Андреевка, Бозайғыр, Дамса; Шортанды кенті.

18 198,294


Барлығы:


241 592,3379

 
  Ақмола облысы әкімдігінің
2024 жылғы 1 наурыздағы
№ А-3/101 қаулысына
2-қосымша
  Ақмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 28 мамырдағы
№ А-5/270 қаулысына
2-қосымша

Ақмола облысының аумағында карантиндік арамшөп – далалық арамсояумен залалданған алаңдарға карантиндік режим енгізе отырып белгіленген карантинді аймақтар

Аудандардың атауы

Қалалар, кенттер, ауылдық округтер және ауылдардың атауы

Залалданған жерлердің көлемі (гектар)

1

Атбасар

Атбасар қаласы

0,0186

2

Есіл

Ауылдық округтері: Двуречный, Қаракөл, Интернациональный, Свободный

40,0

3

Жақсы

Ауылдық округтері: Ешім, Жаңа Қийма, Қызылсай

10,188

4

Жарқайың

Ауылдық округтері: Жаңадала, Отрадный, Пятигор; ауылдар: Бірсуат, Гастелло, Пригород, Далабай

44,3

5

Зеренді

Айдабол ауылдық округі

0,4884

6

Сандықтау

Ауылдық округтері: Балкашин, Сандықтау, Широков

6,9


Барлығы:


101,895

 
  Ақмола облысы әкімдігінің
2024 жылғы 1 наурыздағы
№ А-3/101 қаулысына
3-қосымша
  Ақмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 28 мамырдағы
№ А-5/270 қаулысына
3-қосымша

Ақмола облысының аумағында орманның карантиндік зиянкесі – жұпсыз жібек көбелегімен залалданған алаңдарға карантиндік режим енгізе отырып белгіленген карантинді аймақтар

Аудандардың атауы

Ауылдық округтердің атауы

Залалданған жерлердің көлемі (гектар)

1

Сандықтау

Балкашин ауылдық округі

17,5

Белгород ауылдық округі

35,0


Барлығы:


52,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады