Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақкөл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақкөл аудандық мәслихатының төрағасы | С.Абаханов |
Ақкөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 мамырдағы № С 22-3 шешіміне қосымша |
Ақкөл ауданы бойынша бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3 |
1 |
Жайлы және | 1 тұрғын |
1,61 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,08 |
3 | Қонақүйлер, санаторийлер, демалысүйлері | 1 орын | 0,75 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,46 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,54 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,004 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,87 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,37 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,47 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,03 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1 м² | 0,02 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,02 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 м² | 0,03 |
14 | Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер | сауда алаңы 1 м² | 0,31 |
15 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 м² | 0,38 |
16 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | жалпы алаңы 1 м² | 0,27 |
17 | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м² | 0,34 |
18 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 2,20 |
19 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,74 |
20 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | 0,83 |
21 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,72 |
22 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1 м2 | 0,31 |
23 | Зергерлік, аяқ-киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,85 |
24 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 0,04 |
25 | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,58 |
26 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 0,003 |