Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 4 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес, Атбасар ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2024 жылғы 11 сәуірдегі кезектен тыс жедел отырысының хаттамасы негізінде, Атбасар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Атбасар ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Ә.Б. Шайкенов тағайындалсын және табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешімнің әрекеті 2024 жылдың 11 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар ауданының әкімі А.Қалжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады